Камбоджаға көшкен мәскеулік:«Әдеттегідей тұрып жатырмын, жарғанатпен тамақтанамыз»

/uploads/thumbnail/20170709195037272_small.jpg

"Лента.ру" Камбоджаға қоныс аударып, сол жақта өмір сүріп жатқан Павлдың әңгімесін жариялайды. Павл сол жақта өмір сүрудің оң тұстары мен тағам түрлері, салттары мен халықтың әл-ауқатымен бөлісті.

Бірнеше жыл бұрын мен де көптеген саяхатшылар сияқты Таиландқа демалуға бардым. Камбоджада бір күн түнеп, Ангкор храмына экскурсияға аттандым. Мемлекет маған бірден ұнады. Әсіресе, тұрғындары жайдары, ашық және ақпейіл.  Бұдан кейін де бірнеше рет Камбоджаға бірнеше рет келдім, келген сайын бұл патшалыққа ғашық болып қалдым.

Менің досым Мәскеуде тай массажының салонын ашу туралы ой тастады. Мен оны Камбоджаға алып барған соң, ол ойынан бас тартып, камбоджалық массаж жасайтын салон ашамын деп шешті. 2013 жылы біз Мәскеуде бірінші болып осындай демалу орнын аштық.

Қызметкерлерді Камбоджадан әкелдік. Мен мөр басылған қағаздарды алып, қыздарға бізбен бірге жұмыс жасауды ұсынып, екі ортада жүгіріп жірдім. Бұл өте қызық болды, өйткені жергілікті халықтар Ресейді білмейді. Сондықтан біздің ұсынысымыз оларға қызығушылық туғызды.

Бастаған ісіміз салонның қонақтарына ұнағанымен бір жылдан соң, жауып тастадық. Бұл онша кірісті жұмыс емес.

Ресейге келген қыздардың бірімен мен көңіл жарастыра бастадым. Сөйтіп екеуміз Камбоджаға қайтуды ұғардық. Отбасын құрдық, 2016 жылы шілдеде қызымыз туылды. Қызымыздың екі азаматтығы болады.

Құжат мәселесімен маған қиындық туғызбайды. Тек мемлекеттің шекарасына келіп, мысалы Таиландқа, сізге 35 долларға бизнес-виза жасап береді, бір айдың ішінде оны 270 долларға ұзарта аласыз. Сондықтан мен Камбоджада емін-еркін жүре аламын, жыл сайын 270 доллар төлеп, ұзартып жүрмін.

Қазір мен сайтпен айналысып жүрмін және 2014 жылы осы жерде шағын Snow River Guest House қонақ үйін аштым. Біз ешқандай тәжірибесіз жобаны бастап кеттік, бәріне жұмыс барысында үйрендік. Сол үшін мен Ресейге келіп, 20 мың долларға несие алдым. Бағымыз жанып, әйеліміз екеуміз өзіміздің ісімізді аштық.

Қонақ үйдің бірінші қабатында біз өзіміз тұрамыз. Сондықтан жұмыс орнынан 24 сағат бойы табыламыз. Меніңше біз атақты және кірісі жақсы жер аштық, өйткені біз оған жанымызды салдық. Оған өз үйіміздей қараймыз. Мен келушілермен өзімнің үйіме келген қонақ ретінде араласамын, олардың өміріне қызығушылық танытып, өзім жайлы да айтып беремін.

Біз саяхатшылар көп келетін атақты Сием Реап қаласында тұрамыз. Бұл жерге әлемнің әр жерінен: Аустралия, Аргентина, Бразилия, Қытай, Корея, Чили, бүкіл Еуропа, Жапония, АҚШ, Канада және тағы басқа елдерінен саяхатшылар келеді. Қонақ үй қаладан бір километрдей жерде орналасқан.  

Мен әдеттегі камбоджалық өмірді сүріп жүрмін. Біз ауылдағы тәтемнің үйіне барып тұрамыз, ол жақта жарғанатпен тамақтанамыз, құмырсқаларды, үйрек эмбрионын сорпаға қосып ішеміз. Жергілікті тұрғындар кез келген тағамға қант қосады және басқаша тамақ жей алмайды. Алғашында маған таңсық болғанымен, қазір камбоджалық тағамдарды жақсы көремін.

Камбоджаның аға буын өкілдері сауатсыз болып келеді. 1967-1975 жылдары азаматтық соғыстың салдарынан олар мектепке бара алмай қалған. Сондықтан үлкендер шаман, бақсы, сиқыршы сияқтыларға және әртүрлі салттарға сенеді.

Ауылдарда дәрігерге жүгінбей-ақ емделе береді. Бір күні көшеде бір әйелдің ауыр демалып, орнынан тұра алмай тұрғанын көрдім. Шамасы ол әйелде инфаркт болды. Балалары жедел жәрдем шақырудың орнына оны жапырақтың картонымен желпілдетіп тұрды. Олардың айтуынша, анасының ішіне жын кіріп кеткен. Оны шамандар ғана шығарып жіберуі тиіс екен. Мен қалалық дәрігерге жеткенше, әйелім хабарласып, жынды шығарғанын, ол өзін жақсы сезінетінін, адамдар жынның шыққанын өз көзімен көргендігін айтты.

Әйелім жергілікті ауруханалардың бірінде қыз босанғанда, біз барлық шығынға 227 доллар төледік. Жергілікті адамдар клиникаларда сирек босанады.

Әлеуметтік контраст бірден білінеді. Жолдағы қымбат көліктер және жаяужолда жүретін кедейлер – Камбоджа үшін қалыпты көрініс. Өйткені, көбісі өз иеліктеріндегі жерін шетелдіктерге сатады, олар жүз мың долларға дейін тез байып кетеді. Оларды қымбат заттарға жұмсайды. Бұл айналасындағылардың құрметін туғызады. Азия елдерінде солай қалыптасқан. Табысың көбейген сайын, саған деген құрметі де арта түседі.

Осы уақытқа дейін мен бірде-бір оқыс оқиғаларға тап болмадым. Туристерден сөмкесін ұрлап әкететін ұрылар бар, бірақ олар барлық елде бар ғой.

Маған шет ел азаматы болғандықтан, жергілікті тұрғындардың назары үнемі менде, бірақ мен оған мән бермеймін. Маған көңіл аударған адамдардың назарын байқамауға үйрендім, кейбір ауыл тұрғындары ақ адамды мүлдем көрмеген.

Мен осындай тыныш өмірге үйреніп қалдым, менің еш ішім пыспайды. Ұйқыдан тұрғым келгенде тұрамын, шәй ішемін, әртүрлі адамдармен араласамын. Баламның қалай өсіп келе жатқаны көз алдымда жүріп жатыр.

Камбоджада маған керектінің бәрі бар: отбасы, жұмыс, интернет, жақсы ауа райы.

Әңгімелескен Элиза Таян

Оставить комментарий

Связанные Статьи