"Воскресный вечер" бағдарламасына қатысқан Жириновский өзінің ақылға сыймайтын пікірлерімен залда отырғандарды күлкіге қарық қылды. Қазақстан жайлы үнемі теріс пікірмен танымал саясаткердің сөзіне, тіпті, бірге қатысушы саясаткерлер мен жүргізушінің өзі кекесін күлкімен сынай түсті. Бұл жайында "Қамшы" ақпараттық порталы хабарлайды.
– Ресей КСРО шекарасын ақырындап қайта қалыпқа келтіріп жатыр. Алдымен Уакраина, сосын Беларусия, кейін басқа мемлекеттерге көшеді.- дейді Владимир Жириновский.