Қазақстандық әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов суретші Мұрат Ділмановты карикатура салғаны үшін сотқа беретінін мәлімдеді. Әртіс суретші қоғам алдында кешірім сұрауын талап етіп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның заңгері Аманбол Әбеуов хабарлады.
Мұрат Ділмановтың суретінде ер адам төсекте отыр, ал әйел жалаңаш жатыр. Бірақ суретте Қыдырәлі Болманов бейнеленген деп еш жерде айтылмаған. Десек те, адвокат Әбеуов сот арқылы ақша өндіруге ниетті.
"Бұл карикатураның авторын жауапкершілікке тартуға жеткілікті негіз бар және суретте айтылған ой қорлау мәнінде. Қыдырәлінің бейнеленгені мамандарсыз-ақ түсінікті. Бірақ мен материалды сарапшыларға жібердім, олар осы карикатураны зерттейді (...) Қыдырәлі төсекте жатқан әйелдің алдында отыр. Бұл ол әйелдің Қарақат екенін болжаймыз, мұнда қорлау сипатындағы белгілер бар. Осы жағдайда олардың балаларына моральдық ауыртпалықтар түсуі мүмкін - олардың анасы жалаңаш көрсетілген. Ал егер ол Қарақат болмаса, басқа әйел болса, мұндай жағдайда да жауапқа тартуға болатын белгілер бар - бұл дегеніңіз суретші Қыдырәліні ашынасымен жатты деп көрсеткен. Бұл жеке өмірге қол сұғушылық. Біз суретшіден осы суретті жариялаған алаңда мұны жоққа шығаруды және кешірім сұрауын талап етеміз. Сонымен қатар, осы суретті Желіде жариялағандарға сотқа дейінгі шағым түсірдім, көбісі өшіріп жатыр", - деді заңгер.