Приняла предложение руки и сердца ❤️ @tursen_alaguzov
Фото опубликовано Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy) Янв 22 2017 в 7:05 PST
Баян Есентаева атымен танылған продюсер, актриса Баян Мақсатқызы белгілі бизнесмен Тұрсын Алакөзовпен өмір жолын тоғыстырды, деп хабарлайды "Қамшы" порталы. Бұл туралы ол өзінің Instagtam парақшасында мәлім етті.
Айта кетер болсақ, іскер Алакөзовпен Мақсатқызының шетелдердегі демалыс мезгілі мен мекенінің сәйкес келетіні туралы "Қамшы" порталында мақала жарияланған еді. Ал, бірнеше күн бұрын Алакөзов өз өмірін өзгерткен Мақсатқызы туралы ашық жазған болатын.

Еске салсақ, продюсер Мақсатқызы өткен жылы маусым айында сол кездегі күйеуі Бақытбек Есентаевтің қолынан соққыға жығылып, ауруханаға түскен болатын. Әйеліне дене жарақатын салған Бақытбек қараша айында 9 жылға сотталды.
Ал, Мақсатқызы сұхбаттарында күйеуін кешіргенін, оның жақсы әке екенін айтқан болатын. Оқырманға айта кетсек, Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуінен бойжетіп қалған екі қызы бар.
Ұзынқұлақ Баян Мақсатқызына сөз салып жүрген пысық жігіт Тұрсын Алакөзовтің жеке отбасы бар екенін айтады.