Атырауға, Раxымжан Отарбаевтың театр фестивальіне барған кезде ғой. Қонақтардың біразы жайғасқан «Қазақстан» қонақүйінде таңғы ас ішіп отырғанбыз. Есмұхан Обаев дастархан басындағыларға бір сұрақ қойды: «Бәрі «ГАИ» -ге пара береді ғой, ал сол жол полициясының өзінен пара алған жалғыз адам бар. Білесіңдер ме кім?» Бәріміз қызыға соның аузына қарап қалыппыз. Сөйтті де өзі әңгіме бастады: «Бір күні Асекең (Ашимов) екеуміз жолға шықтық, менің мәшинеммен. Ол алдында отырған. Шымкентке 10 км-дей жетпейтін жерде болса керек, «гаишник» тоқтатты. Шопыр жігіт құжаттарын алып түскелі жатыр еді, Асекең "Түспе, өзі келсін!" деп шығармай қойды. Содан ана «гаишник» келді, зіңгіттей дәу біреу екен, даусы гүрілдеп енді фамилиясын айтып «честь» беріп жатқанда Асекең: -Әй, не болды, әкең өлді ма?- деп жекіп тастады. (Асанәлі ағайдың даусы да зор ғой - А.С)
Ана дәу шошып кетті. Асанәлі Әшімовты бір жерден көргенін біледі. Таныс жүз. Тек нақты есіне түсіре алмай есеңгіреп тұрды да қалды. Енді «Аға» дей беріп еді, Асекем қайтадан: - Ағаны қой, «по должности»! Бүгін қанша ақша таптыңдар? Көріп келе жатырмын, менің алдымда үш мәшине тоқтаттың. - деп тығырыққа тіреп тастады.
Ақтала алмай сасқан «гаишнигім»: - Міне, бары 1500 теңге ғана. Басқа жоқ аға. - Әкел бері, - деп Асекең алып қойды да, - Анау артта оқушылар мінген автобусты тоқтатпа, ішінде менің немерелерім бар. Қайта «Сопровождениемен» апарып тастаңдар! -деді. - Құп болады, аға-ны айтып үлгеріп есеңгіреген күйде анау қалды.
Сөйтіп жүріп кеттік. Асекең маған күліп қарап: - Көрдің ба, барлығың «ГАИ» - ге пара бересіңдер, ал «ГАИ» -ден пара алған жалғыз адам Ашимов!» деп жазып қой, - деді».
Есмұxан ағаның әдемі естелігіне бәріміз ду күлдік.
Абай Тіленшиевтің facebook парақшасынан алынды