Алматыда құрылысы аяқталмаған ғимаратты өтірік есік-терезе салып әдемілеп қойған

/uploads/thumbnail/20170709201356957_small.jpg

Алматы қаласындағы Әл-фараби 128 а мекенжайы бойынша «Сұңқар» шаңғы трамплині халықаралық кешеніне қарама-қарсы тұрған, құрылысы әлі аяқталмаған ғимаратқа есік-терезе бейнеленген, тіпті күннің сәулесі байқалатындай тент (жапқыш) іліп тастаған деп жазады krisha.kz-тің журналисі Данил Павленко.

Алыстан қараған адам құрылысы аяқталған ғимаратты көре алады, алайда жақындай келе матаның арасынан құрылыс орманын байқауға болады.

Аумақта күзетшіден басқа ешкім болмай шықты. Құрылыс жұмыстары ғимараттың ішінде жүргізілмеген.

Абай 42 (Байтұрсынов көш.қиылысы) мекенжайында орналасқан бос тұрған казиноны да осындай әдіспен ретке келтіріпті. Мақсаттары – күтімсіз, қараусыз қалған жаман ғимараттың түрін жарнамалық плакаттар арқылы әдемілеу.

Қала көркінің қамын жегендер шын мәнінде соны мақсат тұтты ма, әлде Универсиада-2017-ге қызу дайындалғандары ма?

 

Связанные Статьи