Музыканы харам дейтіндерге жауап

/uploads/thumbnail/20170709210414517_small.jpg

Музыканың ағзаға әсері көптеген психологтар дәлелдеген шындық. Бұл әсердің сапасы ырғаққа, сазына, айналасына, керек десеңіз, плеерін қосқан тыңдарманның көңіл-күйіне де байланысты! Қандай сазды әуендер жинақталуға көмектеседі, ал, қандайы, керісінше, жұмыстан бұра тартқызып, бойды босаңсытуға жағдай жасайды?

Музыка жұмыс жасау қабілетіне қалай әсер етеді?

Музыка жұмысқа көңілді аударуға көмектеседі. Сіз мынадай нәрсені байқап көрдіңіз бе: таңғысын, алда маңызды күн, жұмысқа шығар алдында ырғақты әнді тыңдап, өзінен өзі көңіл-күй көтеріле түседі. Сөзсіз, мұндай жағдай көпшілігінде кездессе керек. Күніңізді музыка тыңдаудан бастаңыз: бірнеше көңілді әуендерді жұмысқа баруға дайындалып жүріп тыңдаңыз немесе плеерді жолға өзіңізбен бірге ала шығыңыз!

Ғалымдар сөздің мәтінін жатқа білетін ең жақсы көретін өлеңдеріңізді жұмыс үстінде тыңдауға кеңес етпейді. Әйтпесе, тыңдап отырып, қосылып айтамын деп, алаңдайсыз. Сөзі жоқ, ырғағын қалаған музыкаға ден қойыңыз.

Спортпен шұғылданған уақытта қандай музыканы тыңдау керек?

Барлық спортшылар спорттың қандай түріне қарамастан, музыка ырғағымен жаттығу жасағанды қалайды. Олай етпегенде ше: жылдам қарқын алу кезінде құлаққа жағымды ырғақты тыңдау спортшының нәтижелілігін 20%-ға көбейтуге көмектеседі! Сонда музыка — бұл ұзақ та тиімді жаттығуға мүмкіндік беретін тыйым салынбаған допинг. Керек десеңіз, сіз спортшы болмағандықтан, алдыңызға үлкен мақсаттар қоймасаңыз — жүгіретін жолда немесе спорт залында жаныңыз қалаған әнді тыңдап жүріп-ақ, міндетті түрде өздігінен жүгірісті тездетіп немесе құлаққаптағы шапшаң ырғаққа үндесе тренажердағы тәсілдердің санын арттырғаныңызды байқамай қаласыз! Психологтар спортпен шұғылданатын адамдарға баяу мен шапшаң музыканы кезектестіріп, ырғақты әуендерді — жаттығуларға, ал, баяуларын демалу кезінде тыңдауға кеңес береді.  

Музыка психологиялық жағдайға қалай әсер етеді?

Әуендер қажетті ахуалды қалыптастыруға, көңіл күйді көтеруге қабілетті. Баяу шығармалар босаңсуға көмектесіп, өзінің эмоционалды жағдайын келтіруге атсалысса, ырғақты әндер — бүкіл күн бойына қуат береді! Таңғы оятқыш сағатқа қарабайыр қоңыраудың немесе құстың сайрауының орнына жақсы көретін әніңіздің бірін қойып қойыңыз. Ал, кешкісін жұмыстан келген соң, бірқалыпты тыңдауға арналған бойды босаңсытатын баяу сазды қосыңыз. Таңғы және кешкі плейпарақшаңызды жасап, оған үнемі жаңа шығармаларды қоса, жалықтырғандарын өшіре отырып, олардың қатарын өзгертуді әдетке айналдырыңыз.

Музыканың адам денсаулығына әсері

Музыка ішкі органдардың жұмысын синхрондайтынын сонау Ежелгі Греция кезінде білген. Пифагор сазды әуенді көптеген психологиялық және физикалық ауруларды емдеуге қолданған, ал, өзі әрбір таңды әнмен бастаған. Қазіргі уақытта психологтар мен физиологтар біздің құлағымызға жағымды шығарманы тыңдау кезінде ағзамыздағы әрбір кішкентай құрылымды бірліктер рахат алатын жасушалық массажды беретінін дәлелдеген. Қисынсыздау болғанымен, ақиқаты осы. Музыка адамның тұла бойына жақсы әсер етіп, ешқандай кері көрсеткішін тигізбейді.

 

 

Таңшолпан Ғазизқызы

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи