Майданнан кейінгі 3 жыл: Украина экономикасы жақсарды ма?

/uploads/thumbnail/20170709221737034_small.jpg

 2014 жылдың 27 ақпанында Украинада  уақытша үкімет билік басына келген болатын. Жаңа басшылар берген көптеген уәделер мен сөздерге қарамастан, бүгінгі күні украина азаматтарының хәл-ахуалы жақсара қойған жоқ деп жазады qamshy.kz   vesti.ru-ға сілтеме келтіре отырып.

Азаматтар хәл-ахуалынан бұрын, Украинада әлі экономика бір қалыпқа келмегенін атап өткен жөн. Жаңа қабылданған реформалар,  2015 жылы  $17 млрд  көмекке берілген қаражат – Украинаның эконмикасын қалыпқа келтіре алмады. Керісінше, Киев ендігі ретте қарызға белшесінен батып, бөлінген қаражат экономикалық проблемаларға кетіп жатыр.

Экономикасы 2%-ғана көтерілген Украина үшін бұл өте аз. Әрине шексіз төмен құлдырауға қарағанда мұндай көрсеткіш те жаман емес. 2013 жылғы Мемлекеттің Жалпы Ішкі Өнімі $183,3 млрд теңгені құраған, әзірге осы көрсеткішке қайта жету ел экономикасы үшін мүмкін болмай отыр.  
 

Демография мен кедейлік

Майдан уақыты аралығында Украина нақты қанша адамнан айырылығаны белгісіз. Алайда бұл сан миллионнан асатыны бесенеден белігілі.

Қырым, Севастополь мен ДНР, ЛНР-дің тұрғындар санын есептегенде, барлығы 6 млн адам қаза тапқан. Сонымен бірге, соңғы мәліметтер бойынша, Украинадан Еуропа елдеріне соңғы үш жылда 1 миллионға жуық адам көшіп кеткен. Енді осыған өлім деңгейінің соңғы уақыттарда көбейгенін ескерсек, демографиялық проблеманың ауыр жағдайда екенін түсіну қиын емес.

2013 жылы қаза тапқан адамдар саны жаңа туғандар санынан  158,7 мыңға артық болды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 183 мыңға жеткен. Жалпы Ішкі Өнім 2013 жылы адам басына шаққанда $3,969 мыңды құрады, ал 2016 жылы  $2,052 мыңға төмендеген.

Кіріс мөлшері азайып, үкімет орындары бұған шарасыз болып отыр. Украина Ұлттық академия ғылымы Демография мен әлеуметтік зерттеу институтының деректері бойынша, украина халының бүгінде 60% кедейлікте өмір сүріп жатыр. Ал мемлекеттік қарыз өлшемі  $70 млрдқа жетті.
 

Өндіріс пен экспорт

Мемлекеттің макроэкономикалық статистикасы ел құрамында Қырым, ДНР, ЛНР  болмаған соң, жағдайы нашарлап кеткен. 2014 жылдан бастап көптеген өндіріс орындарының жабылуы, бүгінгі күні мемелекеттің өндірістік жағдайын қиындатты.  Өндіріс 2014 жылы 10,7%, келесі жылы 13,4%-ға төмендеді.  2016 жылғы 2,4% -дық көтерілім жағдайды өзгерте алған жоқ. Украина өндіріс нарығы бұрындары Ресейге бағытталған болатын. Ал қазір Ресей нарығы жоқ, ал Еуро Одаққа оның тауары қажетсіз. Сондықтан ішкі нарық сұранысты қанағаттандыра алмай отыр.  

Сонымен қатар экономикалық және саяси жағдайды ескерек, шетелдік  инвестиция құю мәселесі жүзеге аспай отыр. Оның себебі де жоқ емес. "Инвесторлар Украинадан қорқақтайды". Ілемдік экономикалық форумда инвесторларға қызығушылық тудыратын елдердің арасында Украина 85-орынды алған.


Экспорттың жалпы көлемі  2013-2016 жылдар аралығында $32,7 млрд болып 57%-ға төмендеген.

Шикізат минерал ресурстары мүлдем экспортталмайды. Оның себебі, мемлекет ішінде бұл ресурстардың жеткіліксіздігі. Экспорт көлемі $7,5 млрдтан $1,7 млрдқа дейін  4 есе қысқарды. 

Кеңес Одағы ыдыраған уақыттағы Украина экономикасының бірқалыпты, балансты сақтап тұрған мықты экономика болғанын, тіпті халықаралық сарапшылардың өздері ел болашағынан, атап айтқанда ауыл-шаруашылығы, экспорт, кәсіпорын өндірісінде үлкен жетістіктер күтіетіндігін айтқанын ескерсек, бүгінгі Украина жағдайы тіпті көңілге қаяу түсіреді.

 

Аударған: Назерке Мұса

Оставить комментарий

Связанные Статьи