Қазақстан Республикасы жеке шаңырағын көтеріп тәуелсіз ел болған ширек ғасырда үлкен табыстарға қол жеткізді. Осы уақытта ел экономикасы кемелденіп, халықаралық деңгейде бет беделі өсті. Әрине бұл жетістіктер осы елдің ата заңының жүзеге асуының айқын белгісі.
Ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын ескеріп, Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеу жасағаны заман талабына сай аса маңызды іс болды.
Ұсынылған бұл реформаның аясында өкілеттіктерді заң шығарушы және атқарушы биліктің арасына жаңадан реттеу мәселесін конституциялық деңгейде шешуі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін де, жауапкершілігін де арттырады. Әсіресе парламенттің рөлін күшейтуі демократиялық қарым-қатынасты қалыптастыру мәселесін жаңа белеске көтереді. Сонымен қатар парламент тарапынан атқарушы билікке қоятын бақылау да нәтижелі болады.
Сөз соңында айтарым, Қазақстанның осы жолғы конституциялық өзгерістерді жан-жақты талқыға салып бекітуі жоғарыда атаған реформалардың елдің, халықтың әл-ауқатын арттыратынына сенімім мол.
БӘКЕЙ АҒЫПАРҰЛЫ
Моңғолия Парламентінің бұрынғы мүшесі, доктор, академик
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ ЖӘНЕ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын 2017 жылдың басында, атап айтқанда 31 қаңтар күні жолдады. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты осы жолдауында Елбасы елдің дамуының жаңа бағыттарын атап көрсетті. Елбасының жетекшілігінде тәуелсіздіктен бері қарай өткен 26 жылда көптеген белестерден өтіп көптеген жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның алдында әлі де болса даму жолында көптеген асулар бар екені белгілі. Міне Елбасының биылғы жолдауында елдің көркею мен даму жолында жүретін бағыттарды нақты түрде аталып өтілуде.
Қазақстанның бірінші жаңғыруы тәуелсіздік алып ұлттық мемлекеттін іргесін бекітуі, екінші жаңғыруы «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдауымен және жаңа елорда - Астананың салынуы деп атап көрсеткен Елбасы биылғы жолдауымен үшінші жаңғыруды бастатып отыр.
Жолдаудағы бағыттар мен міндеттеріне қарап шыққанда бұл жаңғыру елдің ұлттық технологиялық өркендеу жолында дамудың алдағы 25 жылдық стратегиялық жоспарын көрсетіп отырғаны байқалады.
Осында көрсетілген стратегиялардың ішінде Елбасының цифрлық-сандық индустрияны дамыту жөнінде ойлары бізді қатты тебрентіп толғантты. Өйткені Елбасы айтқандай сандық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Осы орайда Қазақстан үкіметінің ІТ саласын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлуі жайындағы тапсырмасы өте орынды.
Елбасы келешекке жасаған осы стратегиялық жобалармен Қазақстанды ХХІ ғасырдың 50 жылдарынан кейін үздік дамыған 30 елдің қатарына қосуды көздеп отыр. Әлемдік тәжрибеге қарасақ бұл қол жетпейтін арман-мақсат емес. Міне осы орайда жаһандану дәуірінің жаңа технологиясы мен мүмкіндігі компютер саласы және ІТ технологиясы. Осы технолгияны тарихтан зеректігі мен еңбекқорлығы белгілі және көпшілігі жас азаматтардан құралған қазақ халқының тез арада игеріп кетуі ғажап емес. Тек сол бағытта жастарға мүмкіндік туғызу қажет. Қазіргі әлемнің үздік дамыған елдердінде халық қартаюда, жастар саны кемуде. Алайда ЫТ сынды технологияларды игеру мен дамыту жастарға тән. Келешекте қазақ жастарының әлемнің үздік елдеріне осындай технологиямен қамтамасыз ететін бұлақтардың бірі болуы әбден мүмкін.
Міне мұны Индия елі табысты жүзеге асырған. Бір кездері адам саны көп әлемнің артта қалған елдерінен саналған Индия 1970 жылдары компютерлік бағдарламаларда алға шығу туралы алдына мақсат қойған еді. Осы орайда арнайы мектептер мен жоғары оқу орындары ашқан. Басқа да тиісті шаралар көрген. Әне мұның жемісі 15-20 жылдан кейін ала бастап Индия 1980 жылдардың аяғынан осы саладағы мамандарымен әлемге таныла бастады. Бұл сала оның жүз мыңдаған азаматтарын жаңа жұмыс көздерімен қамтамасыз еткен. Бүгінгі таңда ен үздік программисттер осы елден шығуда. Қазіргі таңда Индияның ІТ технология өнімдері мен қызметтері саласында жылдық табысы 150 миллиард долларды құрауда. Ең маңыздысы осы табыстың басым бөлегі сыртқы саудадан түсіп отырғаны.
Демек Елбасы “Цифрлық Қазақстан” деп орынды айтып отыр. Елбасы мұнымен Қазақстанда ІТ- экономикасының жетекші салаларын дүниеге келтіруді, әлемдік үздік мамандарды дайындауды сондай-ақ ғаламторлық коммуникация саласында көпшілік тұтынатын құрал-жабдықтарды иновациялық тәсілеп жасап шығаруды көздеп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыратын алғы шарттардың Қазақстанды қалыптасқанын көріп те отырмыз. Бүгінгі күнде Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту деңгейінің халықаралық рейтингінде Ресей, Италия және Түркия сияқты елдердің алдына екені белгілі.
Сонымен қорыта айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздіктен кейінгі 26 жылда көптеген биіктіктерді өзіне бағындырып халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесіне айналып отыр. Ендігі міндет Қазақстан елі мен қазақ халқын әлемде брендке айналдыру, оны озық 30 елдің қатарына қосу. Осы мақсатқа жеткізетін көп жолдың бірі цифрлық технология екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тайға таңба басқандай нақты етіп биылғы жолдауында көрсетіп отыр.
Әбдіуақап ҚАРА
тарих ғылымының докторы,
Мимар Синан атындағы Көркем өнер университетінің профессоры
ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ҚАЙТА БӨЛУ - ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ КӨРНЕКТІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Ең алдымен, мені Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жолдауы таң қалдырады. Бұл Жоғары Мәртебелі Президент Н.Назарбаевтың барлық билікті өзіне қалдырғысы келмейтінін айқын көрсетеді. Дегенмен, Жоғары Мәртебелі Президент билікті басқа тиісті ұйымдарға бөледі.
Негіздер, мақсаттар мен процестері Президенттің 2017 жылғы 25 қаңтардағы жолдауында сипатталып, түсіндірілген. Жоғары Мәртебелі Президент Н.Назарбаев шын мәнінде Қазақстанның Ұлы Көшбасшысы екеніне еш күмәнім жоқ. Жоғары Мәртебелі Президент «Қазақстан жаңғыртуының негізін салушы» ретінде танылғаны жөн.
Жоғары Мәртебелі Президенттің қарастыруына өзімнің пікірлерімді жолдаймын. Бұл менің жеке басымның тәжірибесі тарапынан Қазақстан Президенті мен халқына:
1. Көптеген Азия халықтары көшбасшыларына ереді, ал Американдықтар дауыс беруге және еуропалықтар философияларына сенеді. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаев сияқты елдің шапшаң дамуына ықпал ететін ел көшбасшысына мұқтажбыз.
2. Біздің Ұлы Короліміз Пхумипон Адульядеттің айтуынша: «Біздің әкімшілігіміздің көшбасшысы бола алатындай жақсы адам табуымыз және жаман адамның болуын алдын алуымыз қажет».
3. Бастапқы кезеңде Президентте кейбір бақылау және кеңес билігі болуы тиіс.
4. Билік жергілікті және ауыл әкімшіліктеріне, атап айтқанда, аудандық және провинциялық кеңестерге қайта бөлінгеніне қарамастан, ол кеңесшілерді қадағалау мен кеңес беру мақсатында Президенттің өкілі болып табылатын әкімдер жақсы және сенімді адам болуы қажет.
5. Кез-келген үкіметтің табысқа жетуінің ең маңызды жолы халықтың физикалық және менталды немесе рухани білімі мен бақыты болып табылады. Барлық азаматтар күн сайын медитация тәжірибелеуі қажет. Күн сайын энергия алу мақсатында тамақтануға (физикалық қуатпен қамтамасыз ету) ұқсас ақылы мен даналығын нығайту үшін медитация жасауы керек. Халық неғұрлым даналы болса, соғұрлым бейбіт қоғам болады.
Қорытындылай келе, өкілеттікті қайта бөлу озық идея екенін атап өткім келеді. Бірақ, Тай халқының жадында мәңгі қалатын Ұлы Королі Пхумипон Адульядет сияқты халықтың санасында менталды орнату мақсатында бастапқы кезеңде Президент бұл қайта бөлуді толық зерттеп, кей билікті бағыт беру мен оны қадағалау үшін қалдыруы тиіс.
Дүниежүзілік бейбітшілік уәкілі кеңсесінің Бас хатшысы
Д-р Пичай Товивич
Бангкок қаласы, Таиланд
Оставить комментарий