Ата-анасы қанша соққыға жықса да бала жүрек оларға ренжімейді. Тіпті, қатты жақсы көреді. Ал, балақайдың ата-анасы жайында жазған мына хаты талай жүректерді елжіретті.
«Менің атым – Нұрлан. Жасым 7 де. Мен өзімнің анам – Жансаяны және әкем – Асқарды қатты жақсы көрем.
Шынымды айтсам жақсы көрем, бірақ кейде олардан қатты қорқамын. Олар мені үнемі ұрады, соққыға жығады. Неге ұратынын білмеймін? Ешқандай жазығым болмаса да мені ұра береді…
Таң ата салысымен ұйқымнан оянып, мектепке бардым. Мен жақсы оқитынмын, сынып жетекшім, яғни Жұлдыз апай, мені өте жақсы көретін. Ал мен барлық сыныптастарымды жақсы көретінмін. Білесіз бе? Менің досым жоқ.. Қоңырау уақытында, мен сыныпта отырамын да, қарындашпен сурет саламын. Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Мен сыныптастарымның жанына барып, олармен ойнағым келеді. Бірақ олардың барлығы да мені итеріп тастап: “Жоғал бар! Сенің түрің жаман!” дейді..
Білесіз бе, олар мені неге “Түрің жаман” дейтінін? Себебі, менің бетімде үлкен тыртық болатын. Әкем мені қатты ұрған кезде бетім жараланып, сол тыртық бетімнен кетпей қойды.
Мен ол сөзге ренжімеймін, себебі оларды жақсы көремін..
Дәл осы күні, сабақтан шыға салысымен үйге келдім. Үйге келіп, ескі киімдерімді киіп далаға шықтым. Дала – аяз! Қақаған қыс! Күннің суығынан қатты тоңып, әлім құрып зорға жүрдім.. Сөйтіп жүргенімде, артқы жақтан бірнеше бала келіп, мені ұрып-соғып, жерге құлатып, тепкілей бастады. Олардың бірі: “Сенің түрің өте жаман! Сенің түрің қорқынышты! Сен ешкімге керек емессің.. Қаңғыбас!” дегенін естіп қалдым..
Мен қатты жыладым.. Олардың ұрғанына немесе тоңғаным үшін емес, достарым болмағаны үшін жыладым.. Ал мен оларды сонда да жақсы көремін..
Үйге жылап келдім. Сыртқы бейнемді көріп, анашым шашымнан қысып ұстап, оны тартқылап айқайлай бастады:
– Қайда болдың, оңбаған?! Мына түрің не?! Ақымақсың ғой сен! Тамақ ішемін деп ойлама! Бөлмеңе жоғал!
Мен үндемей өз бөлмеме барып, тыныш отырдым. Мен таяқ жеп үйреніп қалдым.. Үсті-басым ылғал болып, қарным ашып отырып, сол жерде ұйықтап кетіппін.. Осы жағдайлардан соң сабағым нашарлап кетті.. Түк түсінбейтінмін. Бұл үшін әкем мені талай ұратын еді. Бір күні ол менің алақанымды балғамен ұрды. Ауыр соққыдан бармақтарым қимылдамайтын болды..
Сыныптастарым одан да бетер мазақ ететін болды..
Күндер өтіп жатты..»
Оставить комментарий