Қазақ бала Қазақстан азаматтығын не себепті ала алмай жүр?

/uploads/thumbnail/20170710001347877_small.jpg

Иә, Америкада аман-есен жақсы жағдайда босанып алуды қай әйел армандамайды? Өз балаларын тек АҚШ-тың дәрігерлеріне ғана табыстағысы келетін әйелдер қатарында жұлдыздар, танымал тұлғалар бар.

Алайда, баланы Америкада босану тек тәжірибелі мамандардың көмегіне мұқтаждықтан, соларға деген сенімнің күшті болуынан емес, жалпы алғанда Америка азаматтығын ала отырып, баланың болашағына белгілі-бір тұрғыда негіз жасау  болып табылса керек.

Алия Аркешева есімді азаматшаның АҚШ-қа барып босанып келуінің басты мақсаты- дені сау баланы дүниеге әкелу болған. Оның сөзіне қарағанда, Шон Леонард есімді ұлы автоматты түрде АҚШ-тың азаматтығын алған. Дәл осы жағдай екі жылдан бері осындай шешім қабылдаған ананы мезі еткен проблемаға айналған. Бұл туралы «Қамшы» порталы   informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет менің кәмелетке толмаған балама ҚР-ның азаматтығын беруден бас тартып отыр. Баламның АҚШ азаматтығын алуының себебі, менің оны 2015 жылы сәуірде АҚШ территориясында босанғаным. Менің осыны дәлелдейтін нақты анықтамаларым бар» дейді ол.

Баласына Қазақстан азаматтығын алып бере алмай жүрген Алия  Астанаға осы мәселені шешу үшін келген. 16 наурызда Үкімет үйінің алдында жалғыз наразылыққа шыққан.

Әйелдің, сөзіне қарағанда, Вашингтондағы қазақстандық елшілік қызметкерлері оған азаматтықты қайта өзгерту 2-3 айды ғана алатынын айтып сендірген. Алайда, елге оралған әйел мәселенің оңай еместігін аңғарған.

Ресейде 1-ден көп азаматтық ала беруге рұқсат бар. Кәмелетке толған кезде бала өзінің қай елдің азаматтығын алатынын өз еркімен таңдай алады. Ал Қазақстанда, екі бірдей азаматтық алуға тыйым салынады.

Баланың Қазақстан азамттығын алу үшін ресми түрде АҚШ азаматтығын жоюдан бас тартып арыз жазуы керек екенін Сыртқы істер министрлігі түсіндірген.

Америка азамттығынан бас тартуға әйел қарсы емес. Алайда барлық мәселе осында жатыр. Осы сұрақ бойынша Қазақстандағы АҚШ елшілігіне барған әйел мынаны біледі: бала азаматтығын өз еркімен ғана жоя алады. Яғни, бала тек 18 жасқа келген кезде ғана ресми түрде АҚШ азаматтығынан айырылып, Қазақстан азаматтығын алу керек болады. Оған дейін бұл мәселе шешімін таба алмайды.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің өкілі Рэн Элхай былай дейді:

«АҚШ территориясында дүниеге келген кез-келген бала осы елдің азаматтығына ие болады. Баланың ата-анасы немесе қамқоршылары  бала азамттығынан бас тарта алмайды».

Алия Аркешева мен оның ұлы Шон Леонард қиын жағдайға тап болып отыр.

Бала Қазақстан азаматтығын алу үшін алдымен АҚШ азаматтығынан айырылуы керек. Ал АҚШ азаматтығынан айырылу үшін ол кәмелетке толып, ол шешімді өзі қабылдауы керек.

Демек, Алияның баласы тек 16 жылдан кейін ғана өз еркімен АҚШ азаматтығын жойып, Қазақстан азаматтығын ала алады. Ол уақытқа дейін мемлекет басқа елдің азаматына қамқорлық жасауға тыйым салады. Бұл мәселені шеше алатын тек ҚР-ның президенті болып отыр.

Шетелдік азамат ретінде Шон Леонардқа Қазақстанда орта білім алуға, денсаулық сақтау мен құқықтар мен бостандықтары жағынан Қазақстан азаматтарымен бірдей дәрежеде қарау керек.

Алайда, Алияның сөзіне қарағанда, оның баласы мұндай құқықтар мен бостандықтардың ешқайсысына ие емес.

«2016 жылдың наурызында менің баламды емдеуден бас тартты. Емханаға тізімге де тұрғыза алмай жүрмін. Мемлекеттік балабақшаға да беру үлкен проблемға айналды» дейді әйел.

Ал, Сыртқы істер министрлігінде Алия Аркешева мен оның баласына қатысты мәселеге пікір білдірілген жоқ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи