Ыстамбұлда қазақ әдебиетін талқылады

/uploads/thumbnail/20170710001430983_small.jpg

Түркия қазақтарының көш тарихын зерттеген ғалым Елісхан Батыр туралы “Қаралы көш" романын жазған Жәди Шәкенұлы, тәуелсіз Қазақстанда тарихи романдар жаңа көзқарас жаңа стилмен қайта жазу керектігін атап өтті. 2017 жылы 29 наурызда Ыстамбұл Университетінің жанындағы Түркологиялық зерттеулер институтында “Тарих-әдебиет байланысы: "Қаралы көш романы және Түркия қазақтарының көш тарихы” атты конференцияда сөйлеген сөзінде "Шәкенұлы “Кеңестік дәуірде Мұхтар Әуезов, Иляс Есенберлин сынды белгілі жазушылар идеологиялық қысым және шектеулер салдарынан романдарында өз ойларын еркін жеткізе алмады. Өйтпеске шара да жоқ еді. Өйткені цензураға ілігуі, артынша қуданалануы әбден мүмкін. Ал бүгін Қазақстан тәуелсіздік болған шақта, біз жазушылар қазақ тарихына жаңа көзқараспен қарап тек қазақ оқырманы үшін емес, әлем оқырмандары үшін ұлттық тарих пен мәдениетті таныту үшін тартымды тілмен қызықты қып жазудың жаңа жолдарын қарастыруға тиіспіз” деді.

Шәкенұлы Қаралы көш романын жазу барысында екі принципті басшылыққа алған. Біріншіден, тарихи шындықтар мен деректерден ауытқымауға күш салған. Екіншіден, өте көп тарихи фактілерге беріліп әдебиеттен алыстап кетпеуге де абайлаған. Оның сөзінше, тарихи уақиғаларды сомдағанда тек тарихқа элементтерді қана басшылыққа алынатын болса онда тарих пен әдебиет байланысы дұрыс жасалмаған болады.

Конференцияға Шәкенұлының шығармашылығымен таныс түрік ғалымдары, студенттер және қазақ диаспора өкілдері қатысты.

Бір түрік оқырман “Қаралы көш” романынан қатты әсерленгенін айта келіп бұл кітаптын ағылшын, француз, неміс сынды әлем тілдеріне аударылуын, тіпті бұдан кино жасалуының өте орынды болатынына баса көрсетті.

Бұл кітапты қазақ тілінен түрік тіліне аударған Нұргүл Берікбол конференцияда сөйлеген сөзінде кітаптың өте әсерлі жазылғанан, аударма барысында қазақтардың көш жолында тартқан азаптары жазылған жолдарға келгенде өксіп өксіп жылап бір екі күн аудармаға үзіліс жасағанын тебреніспен атап өтті.

Түрік тіліне аударманын шебер шыққан Ыстамбұл Унихерситеті тіл әдебиет кафедрасының доценті, филология ғылымының докторы Раиле Қашғарлы ханым айтты. Ол өз сөзінде кітапты өте әсер алып оқығанын және кафедрадағы барлық студенттерге оқытқанын айта келіп енді осы кітап туралы көлемді бір ғылыми мақала дайындап жатқанын, мұның бүкіл түрік оқырмандары сүйіп оқитын мықта шығарма екенін тілге тиек етті. 

Осы конференцияда отырған Елісхан Батырдың ұрпақтарынан Мүбарек Чалышқанның конференция соңында сөз алып кітапты жарыққа шығаруға еңбегі өткен барлық азаматтарға алғыс айтқан кезде толқып тебреніп көз жасын тия алмағаны байқалды.

Түркиялық қазақтардың әңшісі Бешір Ахмет Көсе де толқып отырғанын осы конференцияға қатысушылардын құрметіне аталарымыз шыққан Алтай тауы туралы әнімді айтып берейін деп

«Бала кезімде сенімен бірге өсіп едім,
Ағаштарыңа су беріп өсіріп едім.
Қайран тауым сені сағынушы едім.
Мал сайратып, ат ойнатып жүруші едім.

Алтай тауым, Қайран тауым.
Айрылдым ғой он бесімде,
Жетімсіреп тұрсың ба сен?
Сені ойлап  жүремін мен.

Деген әнін шырқап берді. Кітаптың түрік тіліне аударылып шығарылуына мұрындық болған КАТЕД қауымының төрағасы Серкан Дінчтүрк ендігі кезекте Оспан батұр туралы бір кітапты түрік тілінде жарық көретінін шүйіншіледі.

Конференция соңында Түркология зерттеу институтының директорының орынбасары доцент Омар Құл тарих-әдебиет байланысы туралы ерекше және тебреністі бір конференция өткенін айта келіп бұған ат салысқан, тыңдауға келген барлық азаматтарға алғысын білдірді.

Әбдіуақап Қара

Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры 

Оставить комментарий

Связанные Статьи