Арбаға таңылған мүгедек қызға ғашық болған жігіттің хикаясы

/uploads/thumbnail/20170710013404964_small.jpg

Бірде Фейсбуктегі парақшамды ақтарып отырып, жасы 25-30-дар шамасындағы қыздың суретін көзім шалды. Есімі Айша. Суретінің астында «өмірден өзін іздеген әйел» деген жазба болды. Өзі ақ жейде киген, мойнына күлгін түсті орамал байлаған. Бетінде бір бояу жоқ, сәл бозарып тұрса да, табиғи сұлулығы басым. Бәрінен бұрын көңілімді аударған оның көздері болды. Тұңғиық көздер... Тіпті, суреттің өзінен бұл көздердің өмірге деген құштарлығы мол терең ойлы адамға тиесілі екенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, қоңыр көздері шашының түсімен әдемі үйлескен. Көрсеңіз ғой, көзқарасынан өмірге деген жігерлік пен махаббатты аңғарар едіңіз. Бұл көздерді көрген жан ұмыта алмас еді. 1 сағат өтсе де нәзік күлкісімен баураған тұнық көзді қыздың бейнесі көз алдымда тұрды. Парақшасына қайта кірдім. Өзін жақынырақ танығым келді. Көзбе-көз көріспесем де...

Суреттерін ақтарып отырып тағы бір кішігірім жазбасын көзім шалды. Өмір жайлы жазыпты. Тағдырға бағынуды жөн санайды екен, өмірді сол қалпында қабылдау керек дейді. «Тағдырдың әр соққысына сабырлық танытқан жөн, ол сізге не дайындаса да, қабыл алыңыз» делінген жазбасында.

 Әрі қарай өмірді сүйетінін және мойнына артылған жүкті соңына дейін көтеретінін жазыпты. Бұл жазбалары мен суреттен көрген қызға, мен елестеткен бейнеге мүлдем сай келмейді. Неге осылай жазғанын білгім келді, жақынырақ араласқым келді, сөздерінің мәнін түсінгім келді. Бір сырдың барын сезгем. Сөйтіп, әлгі қыз менің достығымды қабылдады. Парақшасын ашып, жаңағы жазған жазбасына келіспейтінімді жазып жібердім. «Адам өз болашағын өзі қалыптастыруы керек, тағдырға мойынұсынуға болмайды» дедім. Бірақ жазғаныма жауап келмеді. 2 күн күттім. Парақшасына кіріп, суреттеріне сүйсіне қарайтынмын. Жүрегімде бір өзгерістің барын байқадым, бір жағынан әлгі жазбаны бекер жазған екенмін деп те өкіндім. Тек үшінші күні Айшаден жауап келді. Жазбасында бәрі адамның қалауындай бола бермейді делінген. Ертең түскі уақытта мешіттің алдына келуімді өтініпті. Одан соң ләм-мим демеді. Мен де мазаламадым.

Ертеңгі күні белгіленген уақытта қалалық мешіттің алдына бардым. Көлігімнен түспес бұрын айналаға бір көз салып шықтым. Кейбірінің намазға асығып бара жатқандарын байқадым, кейбірі жол бойында қайыр тілеп отырды. Бір уақытта азаншының даусын естідім, алайда ешқандай ерекшелікті байқамадым. Сөйтіп, көлігімнен шықтым да, мешіттің кіре берісіне қарай адымдап келемін. Қайыр тілеп отырғандар қолдарын созып, ақша беруімді өтініп жатты. Араларында мүгедектерге арналған арбада орамал тағып, қара күртеше киіп отырған әйелді де байқадым. Алдында тұрған қорапшаға тиын тастадым. «Сіз маған және мен секілді бірнеше адамға үміт сыйладыңыз. Яғни, Алла сізді маған құтқарушым ретінде әдейі жіберіп отыр. Сіздің бұл тиыныңыз – Алланың бергені, сондықтан қасарыспай қабылдаймын» деп әлгі қыз орамалын шешіп, жымия қарады.

Құдайым-ай, ол Айшаның дәл өзі ғой. Сол көздер, сол бозарған бейне, шашы дәл суреттегідей өрілген. Одан көзімді алмай қарап қалыппын, не істерімді білмей далмын. Кеше сұлулығына таңырқап қараған қыз алдымда қайыр тілеп отырады деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген. Абдырап қалған жүзімді қыз да байқады.

-Түріңізге қарасам көңіліңіз қалған секілді. Мені түннгі клубтардың бірінде көрем деп ойлаған боларсыз? - деді.

Не дерімді білмеген мен қалтамнан 5 мың теңге шығарып, қолына ұстатыппын. Бірақ, ол алмады.

-Енді бұныңыз аяушылыққа жатады. Ал маған ешкімнің де аяғаны керек емес. Қазір үйіңізге барып мені достарыңыздың қатарынан өшіріп тастарсыз. Бірақ ол менің өмірімді өзгертпейді. Менің мына арбаға таңылғаныма он жыл болды. Сол күнгі жол апатынан кейін үмітімнің бәрі сөнді. Құдай мені ата-анаммен қоса, екі аяғымнан да айырды. Ананың құрбысына алғысым шексіз, сол кісінің қамқорындамын. Ол да жалғыз, мен де жалғызбын. Менің ата-анам жоқ, оның баласы жоқ. Екеуміз бір-бірімізді дәл тапқандаймыз. Мүгедектік бойынша менің алатын зейнетақым мен оның зейнетақысы екеумізге жетпейді, сол үшін әр жұма сайын осында келіп қайыр тілеймін. Осында отырып адамдарды бақылаймын. Олардың көздерінде аяушылық жоқ, бізге тиын тасатуды құлшылық алдындағы рәсім деп таниды, сол үшін бізді көздеріне ілместен тиындарын тастап өз жөндерімен кете береді. Ал, сіздің аұшаңызыд қабылдай алмаймын. Егер, шын көмектескіңіз келсе, мені үйіме апарыңыз. Алыс емес, осы маңайда.

Мен үнсіз ғана арбаны сүйреп, ол көрсеткен жолмен жүріп келемін.  10 минуттан соң ескі үйдің алдына келіп тоқтадық. Ол маған бірдеңе айтқысы келгендей тесіле қарады.  Сөйтіп, алғысын айтты да өз жөнімен кете барды. Ескі үйдің алдында оны ақ шаты әйел адам күтіп тұрды.

-Айша, тоқтаңыз! Мен бірнәрсені мойындауым керек. Сіз маған қатты ұнап қалдыңыз. Бүгін көп нәрсеге көзім жетті, сіздің өмірге деген құштарлығыңыз мені таң қалдырды. Өтінемін, қиндыққа бой алдырмаңыз, қол ұшын созған адамдардың бетін кері қайтармаңыз, ол сіздің өміріңізді өзгертуі мүмкін ғой.

-Жоқ, сіз құдай емессіз. Және өз аяғыммен жүріп кететін мүмкіндік жасай алмайсыз.

-Бірақ, мен сізге басқа жағынан көмектесе аламын. Мына арбада отырсаңыз да, бойыңыздағы кемістікті байқамасаңыз екен деймін.

-Сонда қалай? Маған үйленесіз бе?

-Кеше суреттеріңізді қарап отырып, сізді қатты көргім келді. Алдымда дәл мен қалағандай дана әрі сұлу әйел тұр. Үмітім ақталды.

-Мен сізге бекер масыл боламын. Мүгедек адаммен тұрғанның қандай қиын екенін сезіп те тұрған жоқсыз. Ал, анау тұрған әйел оны өте жақсы біледі, - деп біз жаққа қарап тұрған ақ шашты әйелді нұсқады. Барған сайын ол қызға деген сезімім арта түсті, дәл магнит секілді оған қарай тартыла бердім. Тоңып қалған қолдарын ұстап, сүйдім...

-Өз жолыңызды табыңыз. Мені ұмытыңыз! – деді де қыз бұрылып кетіп қалды. Оны есік алдында тұрған әйел күтіп алып, үй ішіне кіргізді. Кіріп бара жатып екеунің де көздері менде болды. Бірі аяушылықпен қараса, бірі қайғыра қарады. Мен жай ғана қолымды бұлғадым да, өз көлігіме келдім.

Арада бір апта өтті. Айша тұратын үйге келдім. Дуалы өзгерген, бақшасындағы гүлдерді арамшөптер басып қалған. Есесіне үйінің іші ағарып, қабырғалары боялған. Айшаның бөлмесінде жаңа компьютер тұр, ескісі дұрыс істемейтін. Аптасына бір уақыт Айшаға косметолог-стильші келіп тұрады. Ал тоңазытқыш ше? Ішінде ең керекті деген азық-түлік қана. Тіпті, бос тұр десе де болады.

Екеуміздің алғашқы кезедсуіміздің ертеңінде-ақ Айша мені ұмытқысы келген. Бірақ мен қайта келдім... Оның жүзіне қарадым да, жай ғана: «Мен құдай емеспін! Алайда саған көмектесе алатындай қауқарым жетеді», дедім.

Асыл Сағымбековтың Фейсбук парақшасынан алынған жазба

Аударған: Гүлім ЖАҚАН 

Оставить комментарий

Связанные Статьи