Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы қоғамда болып жатқан бірқатар әлеуметтік мәселелер туралы пікірін білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz
Хабар арнасындағы «бетпе-бет» бағдарламасында қонақта болған экс-депутат жастар мәселесіне ерекше тоқталды. «Жастарға қатысты мәселе көп. Жастардың көңіл-күйін зерттемейміз-ау... Жастарды тереңірек зерттеу керек», - дейді Амангелді Айталы.
Террорлық қауіп туралы журналисттің сұрағына профессор террорлық әрекеттердің түрлі себептерін атай келе жауап берді:
«Террорлықты бір дінге де байлауға болмайды. Бүгінгі батыстың ғылыми әдебиетінде, публицистикада мынадай пікір бар «Мұсылмандардың бәрі террорист емес, террористердің бәрі мұсылмандар» деген. Шын мәнінде ол да дұрыс емес. Ақтөбеге байланысты да елдік психология тұрғысынан баға беріп жатады. Бірақ Ақтөбедегі жағдай кішкене бөлектеу. Бұл енді жеке өзімнің пікірім. Мысалы кейбір жерлерде террористік әрекет ұлттық теңдікке, бостандыққа, автономияға ұмтылу сияқты жағдайлар; бір жерлерде террористік әрекет түрмедегі әріптестерін құтқару сияқты жағдайлар.
Ақтөбедегі террористік әрекетті негізінен алғанда тұтас билікке қарсы әрекет деп айта алмаймын. Бұл құқық қорғау органдарына, погонды, шенді адамдарға қарсы әрекет. Не болғанда да біз терең түсінсек осы екі ортада үлкен бір қайшылық бар. Ақтөбедегі болған 2011, 2012, 2016 жылдардағы қайшылықтар, былтырғы әрекеттен кейін тағы жеті адам ұсталды. Олардың мақсаты құқық қорғау органдарына қастандық жасау. Кейбір жағдайда осы біздің полиция қызметкелері, басқа да күштік құрылымдар қызметкерлерінің мәдениеті, білімі жетпей жатады. Халықтың көпшілігі қазақ, еліміздің азаматтары, жастары. Бұларға қатаң дүңкілдеуден гөрі, бақылаудан гөрі бұлармен жиі-жиі сөйлесіп, жылылықпен жұмыс жасауға мүмкіндіктері болмай жатыр ма? Бұл жастар неге өшігеді? Деген сұрақ туады. Террористік әрекеттің осы жағын біз тереңірек ойлансақ. Жалпы, тек қана бұл әрекет террористік бағыттағы әрекет деуге де, негізінде дін жатыр деуге де болмайды. Бұның негізі адамдар арасындағы мәдениет, түсіністік. Айта кетейік, сол күштік құрылымдарда істейтін адамдар, кейбір осы дін мәселесін реттейтін мемлекеттік органдағы адамдар дін саласынан өте сауатсыз. Бұлар қадағалауды, дікеңдеуді біледі, бірақ адамдармен мәдениетті түрде сөйлесуге, солардың жағдайын түсінісуге, соларды өздерінің бауырына тартуға мәдениеті, білігі жетпей жататын сияқты. Бұл адамдарды түзетудің үлкен бір жолы. Гуманистік көзқарас пен саясат жетпей жатыр. Біз айта береміз ғой салафиттер деп, сол салафиттердің ағайындары бар, туыстары бар. Соларға жақын жастар салафиттерді террористерден бөліп қарау керек. Олар әртүрлі деген пікір айтады. Барлығын бірдей қаралап, барлығын бірдей қауіпті көруді дұрыс көрмейді. Біз әлде де күштік құрылымдармен емес әлеуметтік тәрбие жолдарын терең ойлануымыз керек сияқты», - деп мәселеге басқа қырынан қарайды профессор.
Ал, атышулы оқиғалардан кейінгі биліктің жүргізіп отырған саясаты туралы Амангелді Айталы былай дейді:
«Биліктің «Теріс ағымдағы салафизммен күресу – қырып-жою емес. Бұл үлкен бір әлеуметтік саяси мәселе» дегеніне мен келісемін. Бұл өте дұрыс бағыт. Қырып-жою, қадағалау ол большевиктердің саясаты болды. Осы дінді де қаншалықты қудалады. Одан ештеңе шығара алмады ғой. Сондықтан салафизмге тыйым салынбады деген, оларға рұқсат берілді деген сөз емес. Әрине заң жолымен, заңды бұзған жағдайда оларға тыйым салу керек. Терроризм біздің еліміз үшін тың мәселе. Дегенмен әлемдік тәжірибе бар. Жат ағымда жүрген жастарды білімге тартамыз. Барлығын бірдей университетте оқыту емес. Қалай болғанда да ақысыз оқуға тартып, мамандық беріп, елдің азаматы етуіміз керек».
Оставить комментарий