XVIII және XIX ғасырда психикалық ауруға шалдыққан әйелдерді емдеу әдісі халықтың жағасын ұстатты (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710014545865_small.jpg

Бетлам ауруханасы әлемге танылған. Онда қазіргі кезде психикалық ауытқушылыққа жатпайтын депрессияға түскен, ішімдікке салынған және жүйке ауруларына шалдыққан адамдарды емдеген деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.  

Аталмыш аурухана Эразм Дарвин және Чарльз Дарвиннің әдісі бойынша емдеген. Ауруға шалдыққан адамды айналатын жоғарыға ілінген үстелге отырғызып, бірнеше сағат бойы айналдырған. Олар мұнымен ауруды емдеп жатырмыз деп ойлаған екен.

XVIII және XIX психиатриялық ауруханада жатқандарды салқын ваннада ұстап, тамақ бермей, ұрып-соғу арқылы емдеген. 1814 жылы аталмыш ауруханаға барған Эдвард Уэйкфилд аштықтан әбден әлсіреген адамдардың қабырғаға ілініп тұрғанын көрген.

Бедламдағы емделушілерді көру үшін қалталы азаматтар ақша төлеп, оларды мұражайдағы экспанаттар секілді тамашалаған.

Ол уақытта ақшасы жоқ әйелдерді оңайлықпен психиатриялық ауруханаға жатқыза алатын. Күйеуіне ұнамай қалған әйелдерді ешбір қиындықсыз ауруханаға түрлі диагнозбен жатқызатын.

Фотограф Генри Геринг Бедлам емделушілерін 1846-1858 жылдар аралығында фотоға түсіріп отырған.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи