СҚО әкімі облыста тоқтап тұрған бірнеше кәсіпорынды іске қоспақ

/uploads/thumbnail/20170710024248277_small.JPG

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарында болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі CҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың  бірінші  болған нысаны -  «Bio operations» ЖШС, яғни бұрынғы  «Биохим» зауыты. Бірегей кәсіпорын 2005 жылы құрылған болатын, содан бірнеше жылдан бері тоқтап тұрды. Қазір онда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол «Bio operations» компаниясының инвестициясын тарту  есебінен мүмкін болып отыр. Қайта жарақтандыру өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Қорытындысында зауыт жаңғыртылды, енді жыл соңына дейін оның крахмал мен ақуыз шығаратын бірінші желісін іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорын 2018 жылы толық қуатында іске қосылады. Сол кезде зауытта 220 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

«Зауыттың технологиялық желілеріне, инфрақұрылымына тексеру жүргізілді. Содан кейін жөндеу жұмыстары басталды. 2017 жылдың екінші жартыжылдығында крахмал мен ақуыз шығаратын өндірісті  іске қосу жоспарлануда. 2018 жылы – биоэтонол өндірісін. Толық қуатында жұмыс істеген кезде  қайта өңдеу қуаттылығы – тәулігіне 660 тоннаны құрайтын болады. Сәйкес түрде  крахмал, ақуыз,  мал шаруашылығына арналған жемазық және биоэтанол дайын өнім күйінде шығарылады. Зауытымызда диірмен цехы, элеватор шаруашылығы, толықтыру қоймалары бар»,- дейді  компанияның бас директоры Жандос Есенбай.

Өңір басшысы өндірістік ғимараттарды аралап, бірегей зауыт іске қосылу  үшін  барлық шаралар қолданылып жатқанын атап айтты.

«Жыл соңына дейін  өндіріс орнының іске қосылуы үшін біртіндеп жұмыс істеуге зауыт басшыларымен келістік. Біз үшін ол өте маңызды, өйткені астықты тереңдетіп өңдеу – ауыл шаруашылығы жылжуға тиіс бағыт. Бүгінгі күні, өкінішке қарай, өнім шығарғанымызбен,  тереңдетіп өңдеумен айналыса алмай келеміз. Бұл өндіріс орнына зор үміт артылып отыр. Ол – жұмыс орындары, салық, бард түріндегі қосымша өнімдер. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама бар. Сол бағдарлама бойынша қосымша қаражат бөлінеді. Біздің басты мақсатымыз – бөлінген қаражатты дұрыс пайдалану,  жақсы өнім алу және оны жақсы бағамен сату»,- деді  өңір басшысы.

Сол сияқты Құмар Іргебайұлы осы зауытпен бірге ауданда жұмыс істемей тұрған  кәсіпорындар іске қосмылуға тиіс екендігін  атап айтты.

«Осы бірегей жобаны іске асыруға арналған құрылысқа қомақты қаржы жұмсалды. Орта Азияда теңдесі жоқ ет комбинаты да тоқтап тұр. Біздің қазіргі міндетіміз – осы компанияның басшыларымен бірге Қазақстан даму банкімен  жұмыс істеп, осы жобалар іске қосылу үшін  тағы бір Жол картасын  жасауымыз керек. Бұл- біз айналысатын бағыт болмақ»,- деді облыс әкімі.

Әрі қарай Тайынша ауданының әкімі Ержан Иманслям өңір басшысына әлеуметтік-экономикалық даму туралы айтып берді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша сомасы 424,5 млн. теңгенің  33 жобасы жүзеге асырылып, 207 жұмыс орны ашылды. 19 заемшыға  жалпы сомасы 50,8 млн. теңгенің кредиті берілді», -  деді  аудан әкімі.

 Жергілікті  қайта өңдеушілердің  өнімдерімен танысқаннан кейін, Құмар Ақсақалов ауданның аграршыларымен көктемгі науқанға әзірлік мәселесін талқылады.

Биыл аудан дәнді және дәндібұршақты дақылдарға 350 мың гектар алқап бөліп отыр. Майлы дақылдар 150 мың гектардай жерді алады, ол өткен жылғыдан 50 мың гектарға көп. Сонымен бірге 67 мың гектар парға қалдырылады.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов дәнді және майлы дақылдар егіп қана қоймай,  оларды өңдеу қажеттігін тағы да еске салды.  

«Біз аудандарды аралай жүріп, міндетті түрде  ұқсату цехтарына  соғамыз, өйткені  біз үшін өңдеу кәсіпорындары маңызды. Өсіруді үйренгенімізбен, бірақ аз ұқсатып жатырмыз. Мал шаруашылығы – бетке алатын біздің бағытымыз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономиканы дамытудың драйверлерінің бірі ауыл шаруашылығы екенін айтқанын бәріміз білеміз. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін  мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Оған қомақты қаржы бөлінуде. Сіздер оны көріп, сезініп отырсыздар. Ауыл шаруашылығын қолдау бойынша қосымша қаражаттар мен тетіктер  құрылуда. Сондықтан оларды жақсы пайдалану керек»,- деді  өңір басшысы.

Содан кейін Құмар Ақсақалов «КөкшеТехСтрой» ЖШС-ге соқты. Зауыт 2012 жылы іске қосылыпты. Ол су құбырларына арналған  полиэтилен құбырлар шығарады. Өткен жылы жылу желілеріне арналған  құбыр шығаратын жаңа цех пайдалануға беріліпті.   

Өңір басшысының Тайынша ауданына жұмыс сапары ардагерлермен және жұртшылықпен кездесумен аяқталды.

Құмар Ақсақалов Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округінде  «Бекет» фермерлік  шаруашылығы базасында  600 малға арналып салынып жатқан  заманауи тауарлы сүт фермасының құрылысымен танысты.  Нысан «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында  салынып жатыр.  Онда бір ауысымда 8 тонна  сүт өңдейтін  цех та болады.  

«Өткен жылы  симментал тұқымды 300 мал сатып алдық. Қазір 1 мыңнан астам ірі қара бар, олардан бұзау да алып жатырмыз. Осыдан 7 шақырым жерде  бөлімшеміз бар, онда 5 қора орналасқан, малдарды әзірше сонда ұстаймыз. Қазір 80 адам еңбек етеді. Жаңа фермада әрлеу жұмыстарын аяқтадық, бәрі де сапалы. Алдын ала көріп,  ферманы, мал төлдету бөдімшесін  қалай жасақтау керектігін  басқалармен кеңестік.  Олар  жаңа жобаны жүзеге асыруға көмектесті»,- дейді «Бекет» ФШ жетекшісі Марат Шәпенов.

Өз кезегінде облыс әкімі  мемлекет пен жергілікті билік  алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған  бастамаларды  қолдай беретіндігін атап айтты. 

Осы жерде өңір басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездлесті. Аграршылар себу науқанына барлығы дайын екендігін айтып, болашқ жоспарларымен бөлісті. Мысалы, «Каппес» ЖК басшысы Вилли Каппес Горьковское ауылында құрамажем өндірісін  жолға қойғысы, ауылдық өндірістік кооператив құрғысы келетіндігін алға тартты.

«Мал шаруашылығымен айналысқандықтан, бізге құрамажем керек. Барлық аудандарды аралай жүріп,  құрамажемнің қажеттігін байқаудамын. Сіздерге алыс аудандардан келмесе де, жақындағылар алатындығы белгілі Ет пен сүт сияқты  жақсы өнім алу үшін, құрамажем қажет. Біз еңбек, ет пен сүт өнімділігін  арттыру үшін тиімді өндіріспен айналысуымыз керек. Әр сауын сиырдан 7 мың литрден сүт саууға қол жеткізе аламыз»,- деп, бастамаға қолдау көрсетті өңір басшысы.          

 АӨК-мен танысу аудан орталығындағы «Талшық Астық-Агро» ЖШС-да жалғасты.

Компанияның егістік алқабы 40 мың гектарды құрайды, оның 35,9 мың гектары – дәнді, 4 мыңдайы – майлы дақылдар. Кәсіпорын заманауи техникалармен жарақтанған.

 Жұмыс сапары барысында Құмар Ақсақалов Ақжар ауданының еңбек ардагерлерімен,  құрметті азаматтармен және Қоғамдың кеңестің мүшелерімен кездесті.

  Уәлиханов ауданында  өңір басшысы алдымен «Северная Нива» ЖШС-ға соқты. 2016 жылы кәсіпорынның бірінші кезегі  іске қосылыпты. Ол - дәнді  және майлы дақылдарды қабылдау, кептіру, сақтау және арту

 «Алдағы жылы элеватордың сыйымдылығын 60 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Пайдалануға берілген алғашқы жылы ойлаған ойымыздың орындалғанына көзіміз жетті. Биыл 31 мың тоннадай астық қабылдадық. Оларға жұмыстың барлық түрін көрсеттік, шаруа қожалықтарына да қолғабыс еттік және қомақты келісімдер жүзеге асырылды. Қазір элеватордың аумағында күнбағыстың тұқымы артылған вагондар тұр. Біз бір мың тоннадай астық артып, түсіреміз, - дейді ЖШС директоры Сергей Гусельников.

«Биыл облыста майлы дақылдар 712 мың гектар алқапқа егіледі. Оған сұраныс көп. Нарық өз ережесін ұсынады. Элеваторлар жеткілікті болғанымен, технология, қызмет көрсету мәдениеті жағынан олардың жағдайлары әртүрлі болады. Сіздердің инвестицияларыңыз ақталады деп ойлаймын. Майлы дақылдарды да бір жерде сақтап, ұқсату керек»,- деді облыс әкімі.

Одан кейін өңір басшысы ауданның агроқұрылым басшыларымен кездесу барысында көктемгі-дала жұмыстарына әзірлік мәселесін талқылады.

Жұмыс сапары кезінде «Жолдасбай Агро» ФШ қызметімен танысты. Шаруашылық ауданның мал фермалары мен қосалқы шаруашылықтарына асыл тұқымды мал  сатумен айналысады. 2016 жылы  фермерлер 250 асыл тұқымды мал сатып, 75 малды етке өткізіпті.   

 «Биыл егістік алқапты көбейтіп отырмыз. Көктемгі науқанға әзірміз. Жас бұқаларды Тайынша және Ақжар аудандарына өткіземіз. Жыл сайын сатамыз. Биыл «ҚазАгро»-дан 104 млн. теңге алдық. Бізде барлығы 120 адам еңбек етеді, оның 20-сы – мал шаруашылығында»,-  дейді ФШ жетекшісі Сүйіндік Жолдасбаев. 

«Таза салмағы – 280 килограмм. Оның 1 килограмы 1300 теңгеден өткізіледі. Осының өзі мал шаруашылығы пайдалы кәсіп екенін көрсетеді. Бір мың бас малды күтіп-баптау үшін  20 адам қажет. Қаншама адам жұмыс орнын тапқанын көріп отырмыз, олар салық төлейді. Ауылда басқа қандай жұмыс түрін ұсына аламыз. Осындай пайдалы істі. Біз  ауыл шаруашылығын дамытуымыз керек, өйткені  ол -біздің дәстүрлі кәсібіміз»,- деді  өңір басшысы.     

 Құмар Ақсақалов жұмыс сапарының соңында Уәлиханов ауданының жұршылығымен кездесті. 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи