ҚАЗАҚСТАН $80 МЛН. ҚАРЫЗ АЛМАҚ

/uploads/thumbnail/20170710031343068_small.jpg

Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) бағдарламасын енгізу үшін Халықаралық реконструкция және даму банкінен $80 млн.  қарызға алады, деп хабарлайды Қамшы АА.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. «ҚР мен Халықаралық реконструкция және даму банкінің арасындағы келісім Президенттің қаулысымен бекітілген. Бұл келісім Парламенттің құзырында. Алынантын сома - $80 млн.. ҚР қаржыландыру сомасы - $10  млн.. Сияқы мөлшерлемесі - 2,3%, өтеу мерзімі - 15 жыл. Қарыз алудың толыққанды өтетін уақыты 30 маусым 2021 жыл. Бұл жобаның басты мақсаты – жүйенің қолжетімділігін күшейту. Жоба аясында бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне басымдылықтар берілген», - деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, бұл жоба үш компоненттен тұрады: МӘМС жүйесін енгізуге көмек($14,68 млн.), МӘМС жүйесін енгізу кезінде медициналық қызмет көрсетуді күшейту($5,1 млн.), «Ақпараттық-коммуникациялық мониторинг жүргізу және баға беру», яғни жобаны басқару($9,25 млн.).

Сонымен қатар, Қазақстанның әр аймағында дәрігерлерге халықаралық тәжірибе жұмыстарын үйренуге арналған орталық ашылатын болады. Оларды жаңа құрылғылармен қамтамасыз етіп, оқыту барысында бірыңғай стандартты жүйе ойлап табылады. Жедел жәрдем қызметін күшейту мақсатында бұл орталық жедел жәрдем көліктерімен қамтамасыз етіледі. Және денсаулықты қорғау сауалдарына жауап беретін бірыңғай call-орталықтар ашылып, оларға қажетті мамандарды дайындау басталады. Аталған қызметтердің күшейтілуі халықаралық сарапшылардың қатысуымен республикалық және аймақтық деңгейде жүргізілетін болады.

«Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүйені іске асыру жобасы қарқынды жүріп келеді. Енді осы жобаны бес облысқа енгізіледі. Жүйені 200 ауруханаға енгізіп, оларды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары жасалады. Сонымен қатар, адамдарды дистанционды режимде қабылдайтын смарт жобада қарастырылуда», – деді Денсауық сақтау министрі. 

Жаңа жүйені енгізуге арнайы орган жауап беретін болады. «Оған қоса, ауруханалар мен білім беру(колледж, университет) мекемелері арасындағы байланысты күшейту жоспарланып отыр. Кадр даярлауға арналған клиникаларға да көп көңіл бөлінуде», – деп аяқтады сөзін Елжан Біртанов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи