Бақытжан Сағынтаев Сан-Францискодағы Microsoft кеңсесіне барды

/uploads/thumbnail/20170710035729479_small.jpg

Қазақстан Республикасының  Премьер-министрі Б.Сағынтаев АҚШ-қа жасаған қызмет сапары аясында Сан-Францискодағы Microsoft кеңсесіне табан тіреп, компанияның корпоративтік вице-президенті Д.Левинмен (Dan’l Lewin) кездесті. Кездесу барысында Microsoft бас кеңсесінің қызметкерлері компанияның жаңа технологияларын көрсетіп, Қазақстан Үкіметінің өкілдерімен елдің білім беру мекемелеріне бағдарламалық шешімдерін енгізу мәселесін ортаға салды.

Әңгіме, ең алдымен, 2017 жылдың ақпанында қолға алуға қабылданған Digital Kazakhstan*** (Цифрлік Қазақстан) стратегиялық бастамасы айналасында өрбіді. Бұл бастама ақпараттық технологиялардың көмегімен ауылдық және қалалық мектептердегі білім беру деңгейінің қашықтығын қысқартуға бағытталған, сондай-ақ цифрлік экожүйені үдемелі дамыту арқылы қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етеді.

Microsoft компаниясы Қазақстан өкілдеріне елдің ауылдық мектептеріне арналған  ұлттық жобаны  Қазақстанда жүзеге асыру үшін жоғары қабілеттілігін, сарапшылық білімін және пайдаланымын (бағдарламалық, контенттік, білім берушілік) паш етті. Осылайша, мәселен, тараптар Bilim Book арнайы компьютерлік құралын бағдарламалық қамтуды жабдықтандырудың мүмкіндігін қарастырып жатыр, оны ҚР шағынтолымды мектептеріне енгізу жоспарлануда.

Microsoft өз алдына жас буынмен жұмыс жасауды басымдық етіп белгілеп отыр. Қазақстанда Microsoft-тың АТ-бастамалары қазірдің өзінде кеңінен танымал болуда, олардың мақсаты – студенттер мен мектеп оқушыларына техникалық және кәсіби дағдыларды игертіп, дамыту. Осылайша, 2016 ж. желтоқсанында Қазақстанда YourthSpark Live жастар конференциясы болып өтті, оның қатысушылары жемісті оқуға арналған құралдар мен бағдарламалаудағы заманауи беталыстар туралы білімнен сусындады. Сондай-ақ, желтоқсанда Microsoft компаниясының мұрындық болуымен Қазақстандағы «Код сағаты» республикалық науқаны аясында мектептерде информатика сабақтары ұйымдастырылып, өткізілді. «Қазақстандағы код сағаты» науқаны барысында екі жылда бағдарламалаумен 126 000 адам танысты, олардың басым бөлігі – Республиканың 16 облысындағы 2500 мектептердің оқушылары.

Оставить комментарий

Связанные Статьи