Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу және Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында, Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясында 1966 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген, режиссер Шәкен Аймановтың «Атамекен» көркем фильмі көрсетіледі деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі "Қазақфильмнің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Кеңес дәуірінің үздік фильмдерінің бірі «Оттепель: лицом к будущему» фильмі мұражай аралық фестивалдің «Война окончена» бағдарламасының шеңберінде көрсетіледі. Фестиваль ұйымдастырушылары: А.С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің Мемлекеттік мұражайы (ГМИИ), Мемлекеттік Третьяков галереясы (ГТГ), Мәскеу мұражайы және Горький паркі.
«Атамекен» фильмінің көрсетілімі 2017 жылдың 26 сәуірінде сағат 19:00-де Третьяков галереясының Инженер корпусында болады (Лаврушинский, 12).
«Атамекен» фильмінің оқиға желісі екінші дүниежүзілік соғысынан бір жыл өткеннен кейінгі уақытты баяндайды. Фильмнің басты кейіпкерлері – ата мен немере – соғыста қайтыс болған баласының сүйегін тауып, туған жеріне алып келу үшін пойызбен Ресейге аттанады. Сценарийді Олжас Сүлейменов жазған.
Шәкен Аймановтың естелігінен: «Біздің фильм көрерменге ой салу үшін, өзін дамыта алуы мақсатында түсірілген. Кейіпкерлер туған жерінен өтіп, адамдармен танысып, соғыстың кесірінен қираған орыс жерін көрсету маңызды емес. Біз үшін, қарияның фильмнің соңында әлемге, адамдарға деген көзқарасының өзгергенін көрсету маңызды болды.» («Шәкен Айманов. О себе, о своем искусстве», Мәскеу, 1974 г.)
«Атамекен» фильмі Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ҚСР-ның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1968 ж.). Фильмдегі басты рөлді сомдаған Елубай Өмірзақов та Мемлекеттік сыйлықты иемденді. Сондай-ақ, фильмге Мурат Ахмадиев, Юрий Померанцев, Әмина Өмірзақова, Шолпан Алтайбаева және тағы басқалар түскен.
«Война окончена» бағдарламасының шеңберінде кеңес және батыс Еуропаның фильмдері көрсетіледі, олардың арасында: «Германия, год нулевой» Роберто Росселлини (Италия, 1947), «Крест за отвагу» Казимежа Куца (Польша, 1959), Александр Алов пен Владимир Наумов «Мир входящему» (СССР / РСФСР, 1961), «Никто не хотел умирать» Витаутас Жалакявичус (СССР / Литва, 1965), «Холодные дни» Андраш Ковач (Венгрия, 1966), «Два Федора» Марлен Хуциев (СССР/Украина, 1985 г.), «Безумие» Кальё Кийск (СССР / Эстония, 1968) және тағы басқалар.
Сонымен қатар, «жылымық» кезеңінің мәдениетіне, сәулетіне, өнеріне және соғыссыз әлемге арналған деректі фильмдердің көрсетілімі өткізіледі. Фестивальдің шеңберінде Мәскеудің әр түрлі мәдени алаңдарында лекциялар, дөңгелек үстелдер, сурет және фотография көрмелері, және де концерттер мен поэзия оқулары өтеді.
Оставить комментарий