ОМБЫДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ДОМБЫРАСЫ КҮМБІРЛЕДІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710160847283_small.jpg

Ресейдің Омбы қаласында қазақтың қара домбырасы күмбірледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ресейдегі елшілік ақпаратына сүйеніп.

Аталған шара Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы бастамасымен Омбы қаласы әкімдігінің қолдауы аясында өткен. 

Ашық аспан астындағы домбыра. Осындай атаумен өткен тамаша шығармашылық кеш Омбы қаласының тұрғындарын бейжай қалдырмаса керек. Калалық әкімдіктің мұрындық болуымен «Халықтар достастығы» саябағында өткен шараға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысты. «Домбыраның қоңыр салқын үні көпке дейін естен кетпестей сақталады»-дейді қала тұрғындары. 

Айта кететін болсақ, XX ғасырдың басында Омбы өңірінде 60 мыңдай қазақ тұрған. Олар бес болыстан құ­рылған: екеуі – қыпшақ атасы, екеуі – ке­рей, біреуі –атығай-қарауыл. Арасында тө­ре, қожа, найман, қызылқұрт, каңлы, қан­жығалы аталарынан ұсақ ауылдар кез­дескен. Большевиктер келісімен, жер дауы басталады. Бұл теке тірес 1930 жылы ғана аяқ­талған. Бір жылы Омбы уезі Омбы қа­ласымен бірге тұтас Қазақстанға өтетін бо­лады, екінші жылы – Сібірге... Солай дау тоқ­тамайды. Өкінішке қарай, Алаш зия­лылары осы жер дауынан шеттетілгеннен кейін Омбы қаласы және оның ең шұрайлы солтүстік-шығыс жағы Омбы губерния­сы­ның құрамына енеді де, егіні бітік шық­пай­тын, шөлдеу оңтүстік-батыс жағы Қа­зақ­станға беріледі. Себебі, қандастарымыздан гөрі сол өңірдегі басқа ұлттар үстемдеу бол­ғандықтан, біздің тараптың әлсіздігі байқалып қалады. Биліктегілер жер дауын механикалық жолмен шешкен: қай жерде орыс көп болса, сол жерді – Ресейге, қай жерде қазақ көп болса, ол жерді – Қазақ­стан­ға берген. Жиырма жыл ішінде автох­тон­ды қазақтар өз ата-бабаларының шұ­рай­лы жерінен егін дұрыс шықпайтын шөл­ді жерлерге күштеп ығыстырылған. Бү­гінде шілде айларында Солтүстік Қа­зақ­стан, Ақмола, Павлодар облысы аймағынан Ом­бы облысына кіргенше жердің күйіп, сап-сары болып қурап кеткенін, ал ше­кара­дан өтісімен көкорайлы, егіні бітік ал­қап­ты көреміз... Қара шекпен қасыреті боль­шевизм дәуірінде түсін ауыстырған шек­пенмен жүрген. 1893 жылға дейін Ом­бы уезінде бірде-бір орыс деревнясы бол­маған. Мұны Ресейдің мұрағаттары толық растайды.

Арғы жағын айтсақ, Омбы – Тоқ­сан­бай­дың, Қошқарбай мен Түгел, Байболат пен Байымбет, Жазы мен Ақпай батырлар­дың қоныс тепкен, ел үшін күрескен өл­ке­сі. Алаш қозғалысының белді өкілдері – Асыл­бек, Мұсылманбек, Мұратбек Сейі­­­товтер, атақты Қошке Кемеңгерұлы, Сма­ғұл Садуақасұлы, Темірболат Тел­жанұлы, кеңес үкіметі кезінде ең бірінші қа­зақ хатшысы Жұмабай Шаяхметов, әй­гілі Фазыл Кәрібжанов осы жерде дүниеге кел­ген. Омбы қаласында орта, арнаулы, жо­ғары оқу орындарында талай қазақ ба­ласы оқыған. Алаш көшбасшысы Әлихан Бө­кейхан осы қалада бірнеше газеттің ре­дакторы болған. Тұңғыш театрдың ди­рек­торы Дінше Әділұлы да осы Омбыда білім алған. Мағжан, Міржақыптар талай рет Омбыда аялдаған. Бұл ретте Қайырбек Ке­меңгердің «Омбыда оқыған қазақтар» атты жақ­сы танымдық кітабы бар. Осы қалада та­лай педагогтарды даярлаған «каз­педучи­лище» деген оқу орны 60-жылдарға дейін жұмыс істеген

Оставить комментарий

Связанные Статьи