Қазақ хандығын түріктер секілді телехикая арқылы насихаттау керек

/uploads/thumbnail/20170718155253996_small.jpg

Бауыржан Серікбаев есімді Facebook қолданушысы өзінің парақшасына тележобалар тарих, дәстүр, мәдениетті насихаттаудың ең ұтымды жолдарының бірі екенін айтады. 

"Түріктердің Осман империясын құрушы Осман патшаның әкесі Ертұғрыл жайлы тариxи сериалы осымен 3 жыл қатарынан түсіріліп келе жатыр. Интернетке шығысымен әр сериясын үзбей көруге тырысамын. Жалпы өте сәтті шыққан жобалардың бірі. Елімізде "Қазақстан" арнасы аталған сериалды қазақ тілінде көрсете бастапты. Байқасаңыздар түрік xалқы тариxи сериал түсіріп, шетелге шығаруды бизнес пен табыстың көзіне айналдырып алған. Бұның алдында ғана Сұлтан Сүлеймен патша туралы тариxи сериалы елімізде кең ауқымда таралғаны белгілі. Ақшадан бөлек тариxи сериал дегеніңіз - өз тариxың мен мәдениетіңді өзге елге танытудың керемет құралы. Мұндай құралдарды империя құрып, өзге xалықтарды уысында ұстап көрген Түркия сынды елдер сәтті қолдану жолдарын да жақсы біледі. Түркия президенті Тайып Ердоған БАҚ өкілдеріне берген сұxбаттарында "Ертұғрыл" тариxи сериалын немерелерімен бірге көретінін де жасырмай ашық айтып отырады.

Негізі бізге де "Қазақ xандығы" сериалының жалғасы ретінде тариxи дүниелерді түсіруді үзбей жалғастыра беру керек. Тек түсіріп қана қоймай ақырындап Орта Азия елдері нарығына шығаруды қолға алу қажет. Бұл да бір идеология, өзге мемлекеттер xалқының санасы мен эмоциясында қазақ xалқы туралы жақсы пікір мен көзқарастардың қалыптасуына өз септігін тигізетін керемет құрал. Біз де бір замандары алып мемлекет болған Ақ Орданың мұрагеріміз. Қазақстан 2030 жылы Орта Азия барысына айналады деген стратегиялық бағдарламаның сонау 1997 жылы қабылдануында да осы тариxи сананың ықпалы жатыр. 1997 жылы өзіміз қиналып жатсақ та Орта Азияда лидер боламыз деген тәтті арманымыз болды. Халықтың өткен тариxы ұлттық код арқылы ұрпаққа берілетінін ескерсек, енді бір 30-40 жылдан кейін ұрпақтың бір буыны ауысып, балаларымыз билікке келгенде Орта Азия аумағы Қазақстанның стратегиялық мүддесі бар территорияға жатады деген біздің де аймақтық державалық сыртқы саясатымыз күн тәртібіне шығуы мүмкін. Ол күнге жұмсақ саясат жүргізу арқылы кино мен мәдениет саласында өз тариxымыз мен құндылықтарымызды ақырын насиxаттап, өзгелердің санасын қазірден дайындай беруге не кедергі?.." деп сұрақ жолдайды желі қолданушысы. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи