Атырау облысы әкімдігінің екі басқарма басшысы ауысты

/uploads/thumbnail/20170814195413305_small.jpg

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс активіне Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Елеусізов Айқын Қылышұлы тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Елеусізов Айқын Қылышұлы 1986 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары, Қазақ гуманитарлық заң университетін «қаржыгер» мамандығы бойынша бітіріп,  Қазақ қатынас жолдары университетінен экономика ғылымдарының магистрі атағын алған.

Сондай-ақ, Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып Құспан Роллан Қабылұлы тағайындалды.

Құспан Роллан Қабылұлы 1987 жылы дүниеге  келген. Білімі – жоғары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «есеп және аудит» мамандығы, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен аймақтану магистрі атағын алған.

 

Связанные Статьи