Көркем әдебиеттің бізге беймәлім сыры қаншама?! Қанша ақын мен жазушы болса, әр қаламгердің өзіне тән сөз қолданысы мен көркемдеу тәсілі, өзіндік идеясы бар. Көркем әдебиетте троптың бір түрі деп танылып жүрген метафора жайлы не білеміз? Метафора құбылтудың бір түрі ғана ма? Әлде шеңбері одан да кең бе? Ендеше метафораға анықтама беріп көрелік. XVIII ғасырда өмір сүрген неміс жазушысы Жан Польдың айтуынша, «Әрбір тіл – күңгірттенген метафоралар сөздігі». Яғни, метафора кешелі-бүгін пайда болған жоқ. Алайда қазақ тілі білімінде метафора троптың бір түрі ретінде сөз болып, оның көркемдік, бейнелілік қызметі ғана талданып келеді. Ал метафораның болмысы, оның тілдегі қызметі мен маңызы, пайда болу механизмдері, түрлері мен ерекшеліктері зерттелемей келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенттері Филология ғылымдарының докторы Гүлдархан Нұрғазықызы Смағұлованың жүргізуімен "Қазақ метафорасының функциясы" пәнін элективті пән ретінде оқуда. Пәннің маақсатына келер болсақ, метафораның басқа троп түрлерінен ерекшелігін айқындап, метафораның қызметімен танысу.
Сабақ барысында топ студенттері ескі білім мен жаңа білімді ұштастырып, метафора жасауда. Және күнделікті өмір мен қызыққа толы студенттік шақтардың бір бөлігін метафоралап көрді.
- Деканат – даңқ пен дақпырт алаңы;
- Мехмат, химфак, физ-тех үшін стипендия – орындалмаған арман;
- Емтихан – даналық пен достықтың ақ шатыры;
- Дәрісхананың жоқтығы – шағала көңіл шарқ ұрып, іздейді сені қайтадан;
- Лекция – ауыр ұйқы;
- Староста – домбыраның құлағы;
- Филфак – мәдениет ошағы;
- Жатақхана – өмір базары;
- Латын графикасы – жасауы жоқ қалыңдық;
- Ана – тәңірдің тәтті сыйы;
Оставить комментарий