Желідегі оқырмандарына «біз ажырастық» деп мәлімдеме жасаған Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов шетелде бірге демалып жүр, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі news-24.kz сайтына сілтеме бере отырып жазады.

Өзге өнер жұлдыздары отау құра алмай жүргенде, бір емес екі рет үйленген Даурен Айдарқұловтың басынан дау әлі де арылар емес.
Айдарқұлов мырза бұл күндері еш алаңсыз, екінші отбасымен бірге Мысыр елінде демалуда. Кеше ғана қарым-қатынасымызды үздік деген Ақбота жұбайы және ұлымен бірге камера көзіне ілігіп қалған.