Алматыда «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты жиын өтті

/uploads/thumbnail/20171024132120606_small.jpg

Бүгін Алматы қаласындағы Каспий қоғамдық университетінде мемлекеттік тілдің біртұтас латын әліпбиіне көшуін талқылау және қолдау аясында профессорлық-оқытушы ұжымының талқылау жиыны болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Каспий университетінде өткен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты жиынға аталмыш университет ұжымы, өзге жоғары оқу орындарының профессорлары, студенттер және де БАҚ өкілдері қатысты.

Бүгінгі шара жайында Каспий университетіндегі гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Жұман Саят Әлдібайұлы айтып берді.

«Бүгін Каспий қоғамдық университетінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей ең бірінші күн тәртібіне қойылып отырған мәселе – қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты іс-шара өткізіп жатырмыз. Бұл жиынға университетіміздегі студенттер, оқытушылар құрамы белсене атсалысуда», - дейді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшуді бүкіл халық, әсіресе жастар қолдап отыр. «Себебі, латын әліпбиіне көшу – заман талабы», - дейді ол.

«Бүгінгі шараға қонақ ретінде латын әліпбиіне тікелей қатысы бар тұлғалар, соны зерттеушілер, филология ғылымдарының профессорларын шақырып отырмыз», - дейді Саят Әлдібайұлы.

Алматы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Майра Жүнісова бүгінгі шараның негізгі міндеттері мен талаптарына қатысты айтып өтті.

«Бүгінгі «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты жиынның негізгі мақсаты, міндеті – еліміздің жастарына, студенттерге латын әліпбиіне көшудің уақыт сұранысы екендігін түсіндіру және оның тарихи тұрғыдан өте маңызды құбылыс екендігін ұғындыру болып табылады», - дейді Майра Жүнісова.

Филология ғылымдарының кандидаты Майра Жүнісова бүгінгі жиында латын әліпбиіне көшу мәселесінің заман талабына сәйкес болуына қатысты баяндап берді.

Сонымен қатар, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты жиынға арнайы шақыртылған филология ғылымдарының филология ғылымдарының кандидаты, доцент Исхан Бейбіт Жәлелұлы латын әліпбиіне көшудегі кем-кетік тұстар мен оның артықшылықтары жайында айтып, студенттердің бірнеше сауалдарына жауап берді.

Айта кетер болсақ, Исхан Бейбіт Жәлелұлы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі сонау 1992 жылдан бері көтеріліп келе жатқандығын айтып, осыған қатысты біршама диссертациялар жазып, көптеген еңбектерін латын әліпбиіне арнағандығын да айтып өтті.

Алматы

Бүгінгі шарада арнайы баяндама жасаған филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеубек Зайсанбаев Қизатұлы да студенттердің арнайы сауалдарына жауап беріп, латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты өзіндік баяндамасын жасап, латын әліпбиінің нұсқаларына да қатысты тоқталып өтті.

Парламентте ұсынылған нұсқа мен Елбасына таныстырылған екі нұсқаның кемшіліктері мен артықшылықтары жайында айтып өтті.

Сонымен қатар, бүгінгі шараға белсенді түрде қатысқан студенттер филология ғылымының кандидаттарына латын әліпбиіне қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын ала алды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи