«ЖасSTAR» фестивалі – келешекті жастарға білім және шабыт бұлағы

/uploads/thumbnail/20171025134252289_small.jpg

 25-шы қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының ұйымдастыруымен Шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» VIII халықаралық фестивалі өз жұмысын бастайды. Мазмұнды шеберлік сабақтары, лекциялар және шығармашылық кездесулердің арқасында Қазақстанның, Канаданың, Венгрияның, Ресейдің және Францияның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері еліміздің  келешекті жастарымен өз тәжірибесімен және білімдерімен бөліседі. Фестиваль Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Н. Назарбаев Қорының Баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

«ЖасSTAR» фестивалі – шығамашылық мамандықты таңдаған студенттер және белсенді жастар үшін білім беретін ірі мәдени оқиға. Сегіз жылдан бері Н. Назарбаев Қорының жобасы мәдениет және өнер қайраткерлерінің Қазақстанның келекшекті шығармашыл жастарымен өзара іс-әрекет етуге және тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаңына айналды.

- Мемлекет Басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «рухани жаңғырудың алғы шарты - өз мәдениетімізді, өзімізідің ұлттық кодымызды сақтап қалу» деп атап өтті. «ЖасSTAR» фестивалінің тұжырымдамасы туралы айтатын болсақ, ол мынадай принциптерге негізделген: мәдени дәстүрлерді, ұлттық біргейлікті сақтау, білімге деген құлшыныс, сананың ашықтығы және әлемдік мәдениетті қабылдауға дайын болу, - деп атап өтті Қордың Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Фестиваль жастардың шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған. Оның басты мақсаты –жастар арасында мәдениеттің дамуына ықпал ету, сондай-ақ жас және дарынды мәдениет қайраткерлеріне шығармашылық жағынан өсіп - өркендеуіне көмек көрсету.

Фестиваль жас суретшілердің «Болашаққа көзқарас»  атты көрмесінің ашылуымен басталады. Көрмеге Қазақстанның барлық өңірлерінен келген авторлардың еңбектері ұсынылады. Фестивальдің арқасында станоктік көркем сурет, портрет және пейзаж жанрларын қалайтындарға Ресейдің, Украинаның, Қырғызстанның және Өзбекстанның жас суретшілерімен кездесуге мүмкіндік болады.

Фестивальдің бағдарламасына дәстір бойынша кино, хореография өнері, театр, мультипликация, музыка, көркем сурет туралы қызықты шеберлік сабақтары мен лекциялар енгізілген. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ғани Баянов, «Жігіттер» танымал квартетіне  қатысушылар, Instagram-дағы белгілі вайнерлер, «Безумная женщина» және «Шако» бейнесімен әлеуметтік желіге жазылғандарға танымал Нұрлан Батыров және Шәріп Серік, Канададан келген арт-менеджмент бойынша жаттықтырушы Лидия Варбанова өнердегі цифрлық технологиялар туралы лекциялар және және тренингтер өткізеді, Венгр Опера театрының жұлдызы Әли Танықпаева, ҚР тұңғыш Президентінң рөлін ойнаған Берік Айтжанов, кинорежиссер, С. Герасимов атындағы БМКИ шеберханасының басшысы Александр Котт өздерінің шығармашылығы және мамандығының құпиялары туралы бөліседі.

Сондай-ақ фестивальде Қазақстан анимациясының 50 жылдығына арналған  отандық мультфильмдер көрсетіледі және «Замануи жастар киносының бағдары, көркемдік деңгейі және жаңа үрдістегі проблемалары» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

Фестиваль Жак Оффенбахтың «Париж өмірі» опереттасымен аяқталады, оны атақты француз дирижері Филипп Юи-мен жүргізген жұмыстарының нәтижесі ретінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері орындайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи