Наурызбай ауданында «Мемлекеттік қызметтер Жәрмеңкесі» болып өтті

/uploads/thumbnail/20171114143837257_small.jpg

Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Шұғыла» ықшам ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығының шаңырағында Алматы қалалық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтер Жәрмеңкесі» болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – халықтың мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезінде әдістемелік-түсіндіру ауқымын кеңейту болып табылады.

Алматы қаласы Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында болған «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне» білім, денсаулық сақтау, архитектура, жер мәселелері, тұрғын үйлер, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту салалары бойынша қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін Алматы қаласының жергілікті және құрылымдық органдарының білікті мамандары қатысты.

Аудан тұрғындары үшін аталмыш жәрмеңкенің маңызы өте зор болып табылады. Тұрғындар шара барысында жер мәселесі, тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, қала құрылысы мен сәулет саласы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар төңірегінде өздерін толғандырып жүрген сауалдары бойынша тиісті сала басшыларының қызметіне жүгініп, ақыл-кеңес ала алды. Жәрмеңкеге келушілердің барлығы сол күні электронды қолтаңба алу мүмкіндігіне де ие болды. Жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік мекеме қызметкерлері келушілердің қазіргі кезде электронды жүйе бойынша көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырып, электронды қолтаңбаны қолдану тәртібін түсіндірді.

Сонымен қатар, қала тұрғындарына білікті мамандардың көмегімен түрлі саладағы бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, шара барысында қатысушыларға электронды сандық қолтаңба жасай алды.

– Электронды қолтаңба алған тұрғындар енді  үйде отырып-ақ өзде­ріне қажетті  мемлекеттік қызмет түр­лерін пай­далана алады. Жәрмеңкені ұйымдастыру­дағы ең басты мақсаты­мыз да сол аудан тұрғын­дары­на электронды мемлекеттік қызмет түрлерін таныстырып, олардың бұдан былай  үйде отырып  өздеріне қажетті қызмет түрін пайдалануларына мүм­кін­дік жасау болатын. Жәрмеңкеге жалпы 20-дан астам жергілікті және аймақтық мемлекеттік қызмет көр­сететін мекемелердің өкілдері қатысты.  Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палата­сының және «Тұрғын  үй құрылыс жинақ банкі» өкілдерін де қатысып, тұрғын­дар жаңа тұрғын үй бағдарламалары бойынша да кеңес алды. Прокуратура қызмет­керлерінің де көмегіне жүгінген тұр­ғындар жәрмең­ке жұмысына жақсы баға берді, – дейді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік істер және жемқорлыққа  қарсы күрес депар­таменті басшысының орынбасары Шынар Әлімхан.

Связанные Статьи