Араға ширек ғасыр салып Павлодар-Баянауыл бағытында ұшақ ұшатын болды

/uploads/thumbnail/20171114152042022_small.jpg

Баянауыл аэродромына 18 адамға арналған «Лет-410» жолаушылар ұшағы қонды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Павлодар жаңалықтарына сілтеме жасап.

Павлодардан шыққан 16 жолаушы Баянауылға жеңіл авиацияға жататын екі моторлы 18 орындық ұшақпен ұшып келді. Олардың ішінде Павлодар облысының әкімі Булат Бакауов та болған. Ұшақ 40 минутта жетті.

павлодар

Рейске жергілікті әуе бағыттарында ұшу орындауда тәжірибесі бар «Жезқазған Эйр» компаниясы қызмет көрсеткен. 

«Біз Павлодар - Баянауыл бағыты бойынша бірінші рет ұшып отырмыз. Ұшу сәтті аяқталды. Баянауыл аэродромы қонақтарды күтуге толық дайын деп ойлаймын», - деді ұшақ капитаны Сергей Терехов.

Павлодар жаңалықтары

Айта кетсек, Баянауыл аэродромы өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында жабылған. Аэродромды қайта қалпына келтіруді Павлодар облысының әкімі алғашқылардың бірі болып ұсынған. 

Павлодар жаңалықтары

Связанные Статьи