Астананың жаңа жылдық бас шыршасы 18 желтоқсанда кешке жағылатын болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешов өзінің Facebook-тегі парақшасында айтты.
«Еліміздің бас шыршасын жағуға келіңіздер! 18 желтоқсанда Астанада ЭКСПО көрмесі аумағында жаңа шыршаны жағу рәсімі өтеді»,- деп жазады қала әкімі. Сонымен бірге, әкім мерекелік шара барысында «I'm a Singer Kazakhstan» жобасы финалистерінің жанды дауыстағы әндері шырқалатындығын жеткізді. «Қонақ ретінде Ringo тобы өнерін көрсетеді! Жаппай коньки тебуге қатысып, түрлі ойындар, аниматорлар, фотоалаңдар және басқа да қызықтан құр қалмаңыздар. Іс-шараның басталу уақыты 19:00. Достарыңызды шақырыңыздар, сол жерде кездесейік», - дейді Исекешов.
Айта кетейік, бұған дейін Әсет Исекешов жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнінен соң басталатындығын айтқан болатын.