СҚО-да заманауи сүт фермасы ашылды

/uploads/thumbnail/20171218163848868_small.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында заманауи тауарлы-сүт фермасы ашылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп. Жергілікті кәсіпкер Марат Шәпенов қолға алған бұл жоба «Туған жер» бағдарламасы арқылы іске асып отыр. Құны 1 млрд 300 млн теңгені құрайтын кешен 600 бас ірі қараға шақталған. Ферма  Германияның соңғы үлгідегі озық қондырғыларымен қамтылған. Асыл тұқымды семинталь мен қара ала сиырлары бар шаруа қожалығында жылына 2 мың 100 тонна сүт өндіріледі. 

Өнім сапасы арнайы зертханада тексеріледі. Енді кәсіпкер зауыт салып, айран, қаймақ пен ірімшік шығаруды көздеп отыр. Марат Шәпенов, фермерлік шаруашылық басшысы:  - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, біз енді елдің тұрғындары болағсын осы елге, елімізді көркейтейік деп, гүлдендірейік деп осындай ферма салдым. Тұрақты орындар ашылды. 80 орын ашылды. Жалақысы орташа есеппен 100 – 120 мың теңге болады.

Связанные Статьи