Лицензияланбаған Microsoft жабдығын сатқан кәсіпкер сотталды

/uploads/thumbnail/20170829151529070_small.jpg

Алмалы аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабының 2-тармағына сәйкес, атап айтқанда, Microsoft контрафактілік бағдарламалық жабдықтамасының даналарын сату мақсатында «MOON» сауда дүкенінде оларды сатып алып, сақтағаны үшін жеке кәсіпкер А.У. Өтебеков айыпты деп танылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Үстіміздегі жылдың 7 желтоқсанында шығарылған айыптау үкіміне сәйкес А.У. Өтебеков Алматы қаласында компьютерлердің, қосалқы жабдықтың және бағдарламалық жабдықтаманың бөлшек саудасы саласында кәсіпкерлік қызметті жүргізумен айналысады. Сотталушы алып-сату мақсатында «Microsoft» сауда белгісімен таңбаланған контрафактілік бағдарламалық өнімдерді заңсыз жолмен сатып алып, сақтаған, осы әрекеттері арқылы бұл өнімдердің заңды құқық иесі болып табылатын Microsoft корпорациясына айтарлықтай залал келтірді.

Бірінші сатылы сот А.У. Өтебековты Қылмыстық кодекстің 198-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін айыпты деп тапты. Өтебеков апелляциялық сотқа шағым түсіргенімен, аталған сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл Қазақстан билігінің елдегі контрафактілік бағдарламалық жабдықтамаға қарсы күрес жүргізуге бел байлап отырғанын аңғартады.

Бағдарламалық жабдықтаманы қолдан жасау, сондай-ақ, мұндай бағдарламалық жабдықтаманы қолдану және өткізу авторлық құқық туралы 1996 жылдың 10 маусымындағы «Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» № 6-I ҚР заңында көрсетілген ең кең таралған құқық бұзушылықтардың бірі болып табылады. Өтебековке үкім шығарған ҚР Қылмыстық кодексінің 198-бабына сәйкес (авторлық және/немесе сабақтас құқықтарды бұзу) айыпты 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуі немесе 120 сағатқа дейінгі мерзіммен қоғамдық жұмыстарға тартылуы тиіс деп көрсетілген. Үлкен ауқымда қылмыс жасалған жағдайда, 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу немесе сол көлемде түзету жұмыстары немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қарастырылған.

Оның үстіне қажетті лицензиясы жоқ бағдарламалық өнімдерді қолдану қазақстандық қолданушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. IDC компаниясының зерттеуіне сәйкес лицензияланбаған бағдарламалар пакетін орнатқан кезде немесе лицензиясы жоқ бағдарламалық жабдықтама орнатылған дербес компьютерді сатып алған кезде қолданушылар мен компаниялардың залалды бағдарламалық жабдықтамаға тап болу қаупі 33%-ға өседі екен1. Осы орайда мұндай залалды бағдарламалық жабдықтаманың көбісін алақол ұйымдар заңсыз жолмен табыс табу, деректерді ұрлау, электрондық бопсалау немесе басқа да қылмыстық әрекеттерді орындау мақсатында жасап шығаратынын атап өткен жөн2.

Компаниялар сенімді жеткізушілерден лицензиясы бар бағдарламалық жабдықтаманы сатып алу арқылы киберқауіпсіздікпен байланысты қауіптерді төмендете алады.

Microsoft корпорациясы қолданушыларды лицензиясы жоқ бағдарламалық жабдықтаманы сатып алу және қолданудан бас тартып, қазіргі замандағы киберқауіптерден өзін және өз деректерін қорғауға шақырады. Толығырақ ақпаратты Microsoft-тың www.microsoft.com/ru-ru/antipiracy сайтынан біле аласыздар.

«Бұл жекелеген оқиға біздің клиенттерді олардың қауіпсіздігіне төнетін күрделі қауіптерден, сондай-ақ, заңдық және қаржылық тәуекелдерден қорғауға бағытталған Microsoft стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Киберқылмыстарға қарсы тиімді күрес жүргізу Қазақстандағы қауіпсіз киберкеңестікті орнату үшін өмірлік маңызға ие», - деп атап өтті Microsoft ТМД бизнес-операциялар жөніндегі директоры Әлия Назарқасымова.

Оставить комментарий

Связанные Статьи