Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, есепке алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматтар автокөлікті есептен шығару кезінде жаңа есепке алатын автокөлікке өзінің бұрынғы мемлекеттік нөмірлерін орнатуда 2,8 АЕК көлемінде мемлекеттік бажды, соның ішінде Арнайы ХҚКО және ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелерінде сақтауда тұрған нөмірлер үшін де төлейтінін тәжірбие көрсетіп отыр.
Осылайша, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сақтауға 11 мыңға жуық азамат өтініш береді және бұл оларды қайта орнату үшін 63 млн. тенгеден астам соммаға мемлекеттік баж төлегенмен эквивалентті.
30 жұмыс күніне дейін мемлекеттік нөмірлерді қайта орнату кезінде мемлекеттік баждарды (АЕК көлемінің жыл сайынғы өсуін ескергенде 2018 жылдан бастап 6 734 тенге көлемінде) төлеу қажеттілігін алып тастау мақсатында, Агенттік ұсынымдарының негізінде Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңалық осы жылдан бастап жүзеге аса бастады.
Осыған қоса, мемлекеттік нөмірдің 1 данасы жоғалған немесе жарамсыз болған кезде азаматтарға оның телнұсқаларының комплектісі (2 данасы) үшін міндетті түрде мемлекеттік бажды төледі немесе автомашинаны қайта тіркеді.
Мысалы, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқаларын дайындауға 1,9 мыңға жуық азамат 11 млн. тенгеден астам соммаға өтініш беретінін көрсетті.
Автокөлік иелері тарапынан қосымша шығыстар болмауы мақсатында сонымен қатар жаңа Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік нөмірдің 1 данасы үшін 6 734 теңге орнына 3 367 теңгеге дайындауға өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады.
Рәсімдерді оңайландыру, әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қатерлерді жою Агенттік жұмысының басымдылығы екенін атап өту керек.
Оставить комментарий