Кеден бақылау аймағында есірткі тасымалы

/uploads/thumbnail/20180524173258140_small.jpg

Ел аумағына енген соң, іргемізге іріткі салғылары келетін қылмыскерлерді құрықтау шекара шебіндегі кеденшілердің негізгі міндеті екені белгілі. Тұтас мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей қатысты кеден қызметінің өзіндік ерекшелігі мен сыр сыйпаты бар. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастырған баспасөз туры кезінде  кедендік қызмет пен шекарада орын алатын қылмыстардың көп екендігіне, онымен күресудің де өзіндік қиындығы барына көзіміз жетті.

Баспасөз туры Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Камненное Плато қонысы «Сегіз көл» курорттық паркін басталды. Онда Ресейдің Федералды кеден қызметінің төрағасы орынбасары Анатоли Серышевтің төрағалығымен 17-ші Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің құқық қорғау басқармаларының кеден қызметтері басшыларының отырысы өтті. Жиынға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің құқық қорғау бөлімшелеріндегі кеден қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Аталмыш шараның ашылуына Қазақстан Республикасы Қаржы Министірі  Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев арнайы келіп,  кеден органдары қызметінің жоғары маңыздылығын және одан әрі дамыту қажеттігін, халықаралық ынтымақтастық саласындағы кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің маңыздылығын атап өтті. Жиын барысында ТМД елдері арасындағы кеден қызметінің жұмысын жүйелеу, түрлі дәрежедегі ауыр қылмыстарды алдын алу сынды бірнеше мәселе талқыланды.

- Бүгінгі ТМД атқарушы Комитетінің өкілдері, кеден қызметі басшылары қатысып ж жатқан жиын алдыңғы басқосулар секілді нәтижелі болатынына сенімдімін. Кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күресте ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы үлкен рөл атқарып келеді. Жарты жыл сайын жасалатын жұмыс нәтижесі осыған дәлел. Кеден қызметі басшылары кеңесіне қарасты құқық қорғау органдарының басшылары комитетінің бірлесе атқарған операциялары кезінде 2017 жылдың өзінде ТМД аумағында 3 мың 500 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың басым көпшілігі есірткі тасымалына тікелей байланысты болып отыр. ТМД құқық қорғау бөлімшелері кедендік қызметінде заңсыз айналымнан шамамен 8 тонна есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорлары алынды. Әзербайжан шекарасынан жеңіл көліктен 90 килограмм героин табылды. Белорусьтағы әріптестерімізбен Польша территориясынан 307 килограмм гашиш тәркіледік. Сонымен қатар, Испаниядан Ресей Федерациясына 250 килограмм гашиш алып өтпек болған қылмыскерлер құрықталды. Қылмыскерлердің барлығы трансшекараға жақсы бейімделген. ТМД аумағындағы барлық елдердің заңдарын жіті қадағалап отырады. Олар кез-келген заң бұзатын әрекетте әккі қимылдарға барады. Өздеріне қолайлы схемамен жұмыс жасайды. Шекарадағы қылмыстарды азайту үшін кедендегі құжат рәсімдеуді электронды формаға ауыстыру қажет. Бұл жемқорлық фактілерінің орын алуына да оң әсерін береді. Бүгінгі басқосуда күнтәртібінде 12 мәселе қаралды. Ауыз толтырып айтар жетістік құқық қорғау бөлімшелері басшылары Комитетінің қызметі негізгі басым бағыттар мен өзара іс-қимылды жетілдіру үшін ТМД кедендік қызмет саласындағы кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің 2020 жылға дейінгі Стратегиясын бекітті. Стратегияның негізгі мақсаты экономикалық кедендік қылмыстарға күрес, есірткі контрабандасымен, жедел бөлімшелерінің құрамының жұмысын дамыту, рөлін талдау, кедендік кинология қызметкерлерінің біліктілігін көтеру болып отыр, - деді жиын төрағасы Анатоли Серышев.

Кеден басшыларының басқосуы

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тілеу Жаңғарашевтің ұсынған мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы Қазақстандағы шекараларда кедендік салықты төлеуден жалтару мен экономикалық контрабанда бойынша 233 қылымстық іс тіркеліп, 137 қылмыс сотқа жіберілді. Контрабандалық жүктен 12 миллион АҚШ доллары тәркіленген. Заңсыз есірткі айналымы бойынша 161 қылмыстық іс қозғалып, 134 іс сотқа жіберілген. Ал тәркіленген есірткінің көлемі 25 килограммды құрайды.

Баспасөз турына қатысушы БАҚ өкілдері кеден жұмысын көзбе көз көру мақсатында Алматы халықаралық әуежайындағы «Жетісу» кедендік бекетіне ат басын бұрды. Бекет басшысының міндетін уақытша атқарушы Александр Мамедов жыл басынан бері кедендік бақылау жүргізу барысында Экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп, ЕАЭС кедендік шекарасы арқылы ақшаны заңсыз тәркілеу бойынша 21 факті тіркегенін айтты.

Жетісу кеден бекеті

- Жуырда, 18 мамыр күні осы әуежайда «Дубай – Алматы» әуерейсіндегі жолаушылардың жүктері мен қол жүгіне кедендік бақылау жүргізу барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері кедендік рәсімдеуден өтпеген, құны 28 500 теңгені құрайтын 73 245 Еуро және 1500 долларды алып өтпек болған Канада елінің азаматшасын қолға түсірді. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Тұрымтайқызы.

Александр Мамедовтың айтуы бойынша жолаушы өзімен алып өтетін немесе елден шығаратын ақша көлемі 10 мың АҚШ долларынан асса, міндетті түрде, кедендік декларациясында оның қайда жұмсалатынына дейін қысқаша мағлұмат берілуі тиіс. Заңсыз алып өтпекші болған, декларацияланбаған ақша көлемі 10 мың АҚШ долларынан асса, бұл қылмыс әкімшілік құқық бұзушылыққа, ал 5000 айлық көрсеткіштен асып кетсе қылмыстық іске жатқызылады. Айта кетерлік жәйт, ЕвразЭС мемлекеттері арасындағы ақша құралы мен жолаушы чектері кедендік рәсімдеусіз жасыл дәлізден өтеді.

жасыл дәліз

Бекетте есірткі заттарын тәркілеу барысында кинолог мамандардың атқаратын қызметі орасан зор. Мамандар арнайы үйретілген қызметтік иттер есірткінің ғана емес, жалған волюталардың иісін бірден сезеді дейді.  

Қызметтік иттер

Кеден жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, жақында ғана орын алған ірі қылмыстық істің мән-жайын білген соң, бекеттегі кеден қызметкерлерінің күнделікті жұмыс процесіне куә болдық. Мұндағы мамандардың айтуы бойынша көбінесе Индиядан келетін жолаушылар елімізде тіркелмеген заңсыз дәрі-дәрмек түрлерін, Біріккен Араб Әмірліктерінен келген жолаушылар белгілі мөлшерден көп бағалы зергерлік бұйымдарды термос ыдыстың ішіне салып алып өтпекші болады екен. Жүргізілетін жіті бақылаудың арқасында мұндай жымысқы оймен шекарадан өтіп, қылмыстық жауапкершіліктен сытылып шығуды ойға алған жолаушылар әрекеті дереу әшкереленеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи