Алматыда қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Әдеп этикасы бойынша шара өтті

/uploads/thumbnail/20180331130732903_small.jpg

Бүгін Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағымен бірге "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін" түсіндіру, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында шара өткізді.

Аталған шараның негізгі мақсаты - әрбір мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсай отырып, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет ету, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту. Шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының өкілі О.Мусакулов Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын түсіндірді.

Сонымен қатар, Алматы қаласыгың қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жарты жылда бір рет анонимді сауалнама жүргізіледі. Сөз соңында айтарымыз, Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің моралдық-әдептілік бейнесін жоғары қоятын және ұжым арасындағы қарым-қатынасты реттейтін бірлен-бір құжат.

Связанные Статьи