ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай дәстүрлі жексенбілік велошеру өтті. Шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында жүзеге асырылды. 300-ге жуық әуесқой спортшы бұл жолы 8 шақырым қашықтықты бағындырды. Велошеру «Астана» алаңының маңында аяқталды. Мәре межелі уақытта жеткен Руслан Лейповой су жаңа велосипедтің иесі атанды.
«Бұл менің бесінші велошеруім. Жыл сайын қатысамын. Бұл жолғы ұтысымды әйеліме сыйлаймын. Шынымды айтсам, бұл күтпеген тосын сый болды, жеңемін деп ойламап едім. Қуанышымда шек жоқ. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Бұйырса, әйелім екеуіміз велошерулерге қатысатын боламыз», - деді Руслан Лейповой.
Мерекелік велошеру «KFC Battle» халықаралық фестиваліне жалғасты. Жобаның басты бағыттарының бірі спорт болып табылады. Фестиваль аясында 15-25 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар стритбол, воркаут және тағы да басқа спорт түрлерінен өзара бақ сынасты.
Айта кету керек, велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында биылға жоспарланған 21 велошерудің алтыншысы болып отыр.
Оставить комментарий