«The Economist» журналы «Қытайдың ресми тұлғалары халық санының азаюы экономикалық өсімге кедергі келтіретініне алаңдайды» атты мақала жариялады. Шекесіне «Тууды бақылау мәселе емес, бір ереже» деп басылған мақалада Қытайдың «бір отбасына екі бала» саясатының да салдары жақсылыққа әкеп соқпағаны жазылған. Qamshy.kz әйгілі журналдың мақаласын ықшамдап оқырман назарына ұсынады.
Қытайдың бала саясаты тағы да қаламаған нәтижелерге апарды. Бірден көп бала тууға декреттік демалыс үшін төлегісі келмейтін компаниялар тек жас әйелдерді жұмысқа алуға құлықты бола бастаған.
Қытайдың 1979 жылы қабылдаған «Бір отбасына бір бала» саясаты әйелдер үшін аса қорқынышты еді. Күштеп аборт жасату, жаңа туған қыздарды өлтіру көбейді. Отбасылық өсімді бақылау қызметкерлері ата-аналардың ер бала сүйгісі келген таңдауының жанында ерікті түрде аборт жасату талғамына шарасыз көнді. Көрші елдерден келген әйелдер де адам ұрлау фактісі құрбаны болып, азап шекті. Бейберекет секстің артуы қытайлық жас еркектердің өзіне лайық әйел табуын қиындата түсті. Үкіметтің 2015 жылы қазанда отбасылық саясатты өзгерткенін мәлімдеуі 35 жылдан кейін қытай халқын қуантты. Алайда, оның орнына жасалған «Бір отбасына екі бала» саясаты өзіндік проблемасын ала келді.
Бір нәсіл үшін үкімет әйелдерге «бір бала жеткілікті» екенін, «кеш үйлену мен кеш босанудың маңызды» екенін насихат етті. Енді мемлекеттік БАҚ жаңа нәсілге университетке түсе сала үйленуге шақырып, ерте тұрмыс құрған қыздардың ана болу мүмкіндігі жоғары екенін ескертіп жатыр. Жауаптылар перзент сүюге шабыт беріп, үгіт жүргізе бастаған. Себебі зерттеулер нәсіл үздіксіз жалғасып, халық саны тұрақты болуы үшін бір әйелдің өмірінде 2,1-ден төмен бала тумауы керек екенін көрсеткен. Көрсеткіш одан төмендесе экономикалық өсімге кері әсер етпек.
Қытайдың туу көрсеткіші 2016 жылы біраз артқан, алайда 2017 жылы қайта құлдыраған. Көрсеткіштер дәлелдегендей, Қытай жақында «Бір отбасына екі бала» саясатын да алып тастап, бала тууға деген шектеуді мүлдем жоюы мүмкін. Олай болған жағдайда үкіметтен де қуанатын отбасылар болмақ. Себебі бала сүйетіндердің мәселесі азаяды. Бірақ, бұл Қытайдың халық саны күрт өсуіне жол аша алмайды. Заңдық тосқауыл алынғанымен көптеген отбасы көп бала сүюге пейілді емес, себебі тұрғын үй, денсаулық, білім үшін көп қаржы жұмсалатындықтан ата-аналар тәуекелге бара алмайды. Шын мәнінде Қытайдың қазіргі экономикалық жағдайы «Бір отбасына бір бала» саясатының нағыз идеял күйін қалыптастырды.
Отбасылық жоспарлау ережелері босаңсығанмен де әйелдер жаңа мәселелерге душар болуда. Бұрын жұмыс беруші басшылар әйелдің бір рет қана декреттік демалыс алатынын білетінін. Енді бірден көп рет демалысқа жіберуге мәжбүр. Жұмыс іздеу сайттарының бірі 51job.com-де жасалған сауалнамада «Бір отбасына екі бала» саясаты жүзеге аса бастағаннан-ақ компаниялардың %75-ы әйелдерді жұмысқа алуға құлықсыз қалған. All-China әйелдер федерациясы жасаған зерттеу % 55 әйелдердің жұмысқа кіру кездесулерінде «Жігітің бар ма?, Қашан балалы болуды жоспарладыңдар?» деген сияқты сұрақтарға тап болғанын мәлімдеген.
Декреттік демалыс шығыны жұмыс берушілер үшін арта бастаған. Өткен екі жылда көбі қытайлық компания болған жұмыс берушілер екінші бала сүйетін әйелдерге мемлекеттік заңға сай 98 күндік төмен шекті жалақы төлеген. Қытай баласы бір жасқа толғанға дейін әйелді жұмыстан қууға тыйым салған. Жұмыс берушілерге жыныстық алалық жасауды да шектеген.
Zhaopin тарабынан жасалған зерттеуде жұмыс іздеу сайттарының бірі әйелдердің үштен бірі босанғаннан кейін жалақысы түскенін айтқан. %36 әйел қызметтік лауазымынан төмендеген. Бейжіңдік арбитраждық сотта Xiao Wei есімді жас ана мемлекетке тиесілі бір компаниядан жер өндіріп алған. ОЛ өзіне, басқа да жүкті әйелдерге әділетсіздік жасалып жатқанын айтқан. Ол 7 айлық баласы әлі емшекте болғандықтан басқа жұмыс табу өте қиын деген.
Бұл уақытта үкімет туытты арттыру үшін толықтай жоспарланған сияқты көрінген саясатын біртіндеп жүзеге асырып жатыр. Маусым айында оңтүстік Jiangxi өлкесінде бірқанша жергілікті басшы 14 аптадан асқан жүкті әйелдерге аборт жасату үшін 3 дәрігердің мақұлдауы қажет екенін сөйлеген. Докторлар әйелдерге аборт жасайтын бөлмелерді енді қажет болмайды деген. Қытай соттары да ажырасуды азайту үшін ережелерін өзгерте бастаған. Ажырасу арызын берушілерге «салқындату» кезеңі деп аталатын уақыт берілетін болған. Қытайдың отбасын жоспарлау саясаты туралы жазылған «Бір бала» кітабында Mei Fong кеңірек баяндайды.
Қытай лидері Си Цзиньпин «Гендерлік теңдікті сақтау және әйелдерді дамыту» туралы айтады. Бірақ ол билікке келген 2012 жылдан кейін Қытайдың Дүниежүзілік экономикалық форумдағы гендерлік теңдік индекс орны 69-дан 100-ге құлаған. Малави мен Үндістаннан жоғары, бірақ Камбоджа мен Бразилиядан төмен. Әйелдердің жұмысқа тартылуы Азияның бірнеше еліне қарағанда жоғары. Бірақ біртіндеп азайып келеді. Жалақы айырмасы да түскен. Өзінен бұрынғы басшы сияқты Си да Қытайдың жоғары басқарушы органы — Саяси бюроның Тұрақты комитетіне әйел саясаткер тағайындамады. Мемлекет азаматтық қоғамға репрессияны күшейте бастады. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында феминист белсенділер түрмеге қамалып, әйел құқықтары блогы жабылғаны соның бір дәлелді. Егер Си әйелдердің көп балалы болғанын қаласа оған мүмкіндік жасауы керек. Жікке бөлуге қарсы заң шығарып, бала күтімі қаражатын арттырса жап-жақсы бастама болар еді. Кейде «Үлкен әке Си» деп аталып жүрген Қытай төрағасы өз елінің қыздарына жақсы қарай алса лақап атын ақтауы мүмкін.
Оставить комментарий