Еркін Омардың "Қазақ тілінің қадірін кетірмейік" деген кітапшасы қолымызға түсті. Онда автордың қазақ тілі заңдылығының бұзыла бастағаны, дыбыс үндестігінің сақталмауы туралы жазылған мақалалары топтастырылған. Бұл мақалаларды оқыған тіл мамандары, қарапайым оқырман, осы мәселеге көңіл аударып, тіл бұзылған аймақтарды тіл мәселесін қолға алады деген үмітпен Қамшы қолжазбаның бірінші, екінші бөлімін оқырман қауым назарына ұсынған болатын. Үшінші соңғы бөлім де оқырманның пайдасына жарар деген сенімдеміз.
Əрбір ұлттың тілі, басқа ұлттардың тілдерінен енген сөздермен байытылып, толықтырылып отыратыны заңды құбылыс. Бірақ ол қалай жүзеге асады. Туа бітер түйсікті – генетикалық код, сөз байлығын – лексикалық қор, дұрыс жазу ережесін – орфографиялық ереже, қамқоршыны – зиаткер, тереңдетіп оқытатын мектепті – зиаткерлік (Зиёд – өзбекше) мектеп – деп жазу, бұл тілді байыту емес, тілді ұмытқандық. Басқа ұлттардың сөздерінің аяғына қазақша жалғауларды жалғап тілге енгізу, ол өз тіліңдегі бар сөздер-ді қолданыстан шығару, оларды жою.
Тілдің байытылуы, тілге сол тілде жоқ сөздерді енгізумен байытылады. Олар көбінесе аударылмайтын атау сөздер. Олар аударылмайтындықтан, сол тілдің дыбыс үндестігіне бағындырылады. (Булка – бөлке, печь – пеш, кабинет – кəбинет, машина – мəшине, велосипед – белесебед, бульдо-зер – бүлдезір, кабина – кəбине, жулик – жөлік (бұзық), конь-ки – канки, роль – рөл, порция – порсы, каша – кəщі, конфет – кəмпит, стакан – стақан, крушка – крөшке, картошка – кəртөшке, карточка – кəртішке, книжка – кінешке, капус-та – кəпүсте, памидор – пəмидор, кадр – кəдір, отдел кадров – əділ кəдір бөлімі, директор – деректір, билет – белет, кон-церт – кəнсерт, Бакишь – Бəкіш, Кудря – Қүдіре, Александр – Ескендір, кореец – кəріс, немец – неміс, русь – орыс, т. б.
Керісінше аударылмайтын сөздерді жекелеген адамдардың өз ойларынан сөз жасап тілге енгізуі, бұл тілді шұбарлап бүлдіру.
Біз тіліміздің дыбыс үндестігін, оның тазалығын сақтағанның орнына, тілі бұзылған адамдардың өздерінің шала тілдерін тілімізге енгізіп, қалыптастыруына мүмкіндік бердік. Тілімізді дыбыс үндестігінен айырып, адамдарды тілдері сау болса да, сақау адамдарша сөйлейтін жағдайға жеткіздік. (Ми ақта, бүй ақта, апаратырым, келатырым, ба-ратырым, деп атқан, деп отқан, отсай, отысай т. б.) Кейбір адамдар «күн шығып келеді» деген сөзді айта алмайтын жағдайға жетті.
Күн шығып атыр (жатыр) дейді. Балаларға тіл үйрететін мұғалімдердің көпшілігі шала қазақтардың «атырын-сыз» сөз сөйлемейді. Мектептерде, балабақшаларда, басқа оқу орындарында барлық мұғалім оқушылардың алдында дұрыс сөйлеуге міндетті. Мұғалімдерге неге дұрыс сөйлемейсіз десеңіз, мен тіл маманы емеспін дейді. Дұрыс сөйлеу үшін тіл маманы болу қажет емес.
Дұрыс сөйлеу ережесі, қазақ тілінің үндестік заңы мек-тепте 12 жасар балаға үйретіледі. 5-кыласта оқытылады. 12 жасар балалар жатқа білуге тиіс нəрсені (ережені) мұғалімдердің өздерінің білмеуі, солай деп айтуы, олардың сауатсыздығы.
Шала қазақтар түсіну керек. Олардың тілі ешқашан тіл болып қалыптаспайды.
Ел түсінбесе де, тіліміздегі бұзылған сөздерді енгізе бер-сек, балконды – қылтима, сортты – сұрып, кəнкиді – сырғи деп аударып айта берсек, қалыптасып кетеді деу жаңсақ (қате) пікір.
Қазір ата-аналардың қазақ мектептерінен бас тартып, ба-лаларын орыс мектептеріне бере бастауы, бұл жағдайдың ары қарай үдеп бара жатқаны, осының айғағы.
Мұның басты себебі, қазақ мектептеріндегі шала қазақ мұғалімдердің (өздерінің тілімен айтсақ: Қазақоведтердің) көбейуі, соған байланысты оқушылардың тілінің бұзылуы, қазақ тілінің дыбыс үндестігінің жойылуы жəне оқулық-тарға шала қазақтардың сөздерінің диəлекті сөздер деп енгізіліп оқытылуы. (Оқушылардың анықтамалылығы, оқу əдістемелілігі, оқушылардың қорғаншылығы, мұғалімдердің ақылдастар алқасы т. б.
Дұрысы: Анықтамасы, үйренудің əдістері (тəсілдері), оқушылардың қорғануы (сақтануы), кеңесшілер тобы.
Жылдам сөйлеуді ( оқуды) үйрету тəсілінің де (скорочте-ние), мектептерде оқу жүйесіне енгізілуі, қазақ тілінде дұ-рыс сөйлейтін балалардың тілін бұзатын қосымша құрал.
Тілдегі сөздердің құрылысына қарай, кейбір ұлттардың тілдеріндегі сөздер баяу, орташа жылдамдықпен айтылса, кейбір ұлттардікі өте жылдам айтылады.
Қазақ тілі, сөздері жылдам айтылатын тілдер тобына жатпайды.
Қазақ тілінің сөздеріне қарағанда, өзбек тілінің сөздері əлдеқайда тез айтылады.
Мысалы: «келе жатырмын» деген күрделі етістік сөз, өзбек тілінде де, шала қазақтардың тілінде де, бір-ақ сөзбен, əрі тез айтылады. Өзбекше «келапмəн» шала қазақша «кела-тырым».
Қазақ тіліне мұндай тəсілдің енгізілуі, тілге жасалған қиянат. Қазақ тілінде дұрыс сөйлейтін балаларға өте зиян. Қазір кейбір балалардың тілдерінде тұтықпалық пайда болған. Тез сөйлегенде артқы сөздің алдынғы буынымен, алдыңғы сөздің соңғы буынын бастырмалатып тұтығып қалады.
Бізге, керісінше, шала қазақтардың тез айтылатын бұзылған сөздерінен тілімізді тазарту керек.
(Ап, қап, боп, кеп, апты, қапты, отсай, тұсай, атыр, па-тыр, апаратырым, келатырым, баратырым, жүрім, тұрым, оқылым, шақырылым, аударым, төлем, сатылым, оқиым ғо, дегем ғо, дедік қо, аптық қо т. б.).
Шала қазақтардың тілдеріне мектептерде, балабақшаларда, жоғары оқу орындарында, баспасөз беттерінде тыйым салу керек. Шала қазақ мұғалімдерге қатаң талаптар қою арқылы, қазақ тілін, оның дыбыс үндестігін қалпына кел-тіру қажет. Тілі сақталған ұлт қана, жеке ұлт ретінде өмір сүреді. «Тілі жойылса – ұлт та жойылады», – деп бекер айтпаған Ахмет Байтұрсынов.
Қалмағандай япыр-ау,
Дұрыс жолды көрсетер,
Көзі ашық жан қазақта,
Диəлекті деп шатылып,
Тілді қалай таптаттық,
Тілі жоқ шала қазаққа.
«Піштіру»
Піштіру деп – шала қазақтар ұл баланы сүндетке отырғызуды айтады. Дұрыс емес.
Малдарды піштіреді, пішеді. Еркек малдардың екі жұмыртқасын (е - н) алып тастайды.
Піштіру деп осыны айтады. (Ат – пішілген айғыр, өгіз – пішілген бұқа т. б.).
«Саламатсыздар ма?»
Өзбекшеден бұрмаланған сөз. Қазақша «сəлеметсіздер ме?». Шала қазақтар осы сөздерімен бірге, ер адамдарға «сəлеметсіздер ме?» деп амандасуға болмайды деген ұғымды да енгізген. Өзіміз бала күнімізде «сəлеметсіз бе, ағай?», «сəлеметсіз бе апай?» деп айтып өстік.
Əрбір дұрыс сөзді орнымен қолдана білсе, онда тұрған ештеңе жоқ.
Бұл жерде де, шала қазақтар, елді сөзден шатастырған.
«Туылған»
«Адам өздігінен туылмайды». Оны табады. (Бес бала тапқан, он бала тапқан). Əйел тумайды.
Ұрғашы мал туады. Əйел адам босанады. (М. Мағауин. «Туылғандар мен өлінгендер»).
«Біздер»
Қазақша: Біз. Өзбекше: Бизлəр. Шала қазақтар «біздер» деп өзбекшесін айтады. Шала қазақтардың тілдерінде қазақша (лар, лер) көптік жалғауларымен бірге, өзбекше «лəр» жалғауы да «дар, дер» болып айтылады (Болилəр-балдар, бизлəр-біздер т. б.).
«Кəсіби»
Қазақша кəсіптік (білім), кəсіпқой (бокс), «кəсіподақ» өзбекше: Касиби. Бұл сөз де шала қазақтар енгізген сөздер-дің бірі (Əскери – аскари, мəдени – мадони, ғылыми – ильми, діни – диний т. б.)
«Аллаһ»
Əуелі дін басыларына, одан кейін жалпы жұртқа «аллаһ»сөзі – арабшаға жақын, əрі сауатты көрінсе керек. Біз араб емеспіз. Қазақтың өз тілі, соған байланысты өз дыбыс үндестігі бар. Сондықтан қазақша «алла» деп айтылады. «Алланың сөзі де рас, өзі де рас!» – дейді Абай.
Бір аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық (Ы. Алтынсарин).
Енді алланы – аллаһ деп барымызды былғап жүрміз (М. Мағауин. «Туылғандар мен өлінгендер».
«Мөртаңба»
Мөр мен таңба екеуі екі нəрсе. Бірікпейтін сөздер. Мөр (печать) қағазға басылады, таңба малға (жылқыға) салына-ды. Қағазға мөр немесе белгі соғылады (Белгі – штамп).
«Шешен сөз»
Сөз шешен болмайды. Сөзге шешен адамдар болады. Олардың айтқан сөздерін шешендердің айтқан сөздері не-месе шешендік сөздер дейді.
«Түсінбедім»
Шала қазақтардың тілдерінде, ұққан жоқпын, түсінген жоқпын, ұқпай тұрмын, ұқпай отырмын, түсінбей отыр-мын, қайтадан айтшы, қайталап айтшы, қайталашы дейтін сөздер айтылмайды, ұмытылған. Бəрін осы бір-ақ сөзбен (түсінбедім) айтады. Өзбекше «Тушинмадим».
Түсінбедімнің балама сөздері (шала қазақша): Түсінбей атырым, қайтан айтсай.
«Кəсіби одақ»
Профсоюз сөзінің бұрынғы қазақшасы: «Кəсіподақ» болатын. Енді осы сөз кəсіби одақ болып өзгертілген. Кə-сіподақ – таза қазақша сөз. Кəсіби шала қазақтардың тіл-дерінде айтылатын сөз.
«02. 08. 2018». «08. 02. 2018»
Кеңес өкіметі кезінде, əр айдың нешінші ай екені рим сандарымен жазылатын. 2. VІІІ. 2018 ж.
Бұл өте дұрыс тəсіл еді. Ені оны алып тастап, əр айдың күнімен нешінші ай екенін шатастырып жазып жүрміз. Біреулер айдың күнін бірінші жазса 02. 08. 2018 ж., енді біреулер ай санын бірінші жазып жүр 08. 02. 2018 ж.
«Тыш, тыш балдар»
Мұғалімнің оқушыларға осылай айтуы – əдепсіздік. Диəлекті сөз емес. Тыш-тыш деп – үлкен дəретке отыруды айтады. Дұрысы: Балалар, тыныш отырыңдар. Осындай-да М. Əуезов ағамыздың айтқан сөзі еске түседі: «Əдепті, тəрбиелі адам – ол өзінің ана тілінде дұрыс сөйлейтін адам».
«Қотыр-қотыр жол»
Қотыр – адамның денесінде болатын жара. Тозып, кейбір жерлері ойылып кеткен жолды, шұңқыр-шұңқыр жол дейді.
«Əкимат»
Өзбекшесі «Хакимёт»
Қазақ тілінде «Əкімдік немесе əкімшілік үйі
«Біз ашылдық»
Біз ашылған жоқпыз. Дұрысы: «Біз дүкен аштық немесе дүкен ашылды».
«Құлақты кəсіби түйреу»
Қыз-келіншектер əсемдік үшін құлақтарына сырға тағады. Сырға тағу үшін құлақтарын тестіреді.
Түйремейді. Түйреу деп – бір нəрсені түйреуішпен түйреуді айтады. Дұрысы: Құлақты тесу.
«Биік таулы медеу мұз айдыны кешені»
Биік таулы емес. Биік таудағы Медеу мұз айдыны. Кешеннің қажеті жоқ. Өз тілің жоқтай, өзге тілде не жазулы тұрса, соның бəрін аудара беруге болмайды. Əр тілдің өзіне тəн ережелері, заңдары бар. Тілін жақсы білетін адам соған бағынып, сөздерді орындарына дұрыс қойып, өз тілімен жа-зады.
«Құйылмалы сусындар, құйылмалы мінсіз су», «құйылмалы хош иісті духи».
Қазақ қашан сусындарын құйылмалы қымыз, құйылмалы шұбат деп айтып еді. Таза суды мінсіз су деп айту да, тілсіздік. Құйылмалы сөзі – қазақ тілінде болмаған сөз. Ой-дан шығарып алған.
«Балғындығы ішінде»
Бұл жерде жай ғана «шырынды сусындар» деген сөзді жаза алмаған.
«Ауабаптағыш»
Ауаны баптамайды, ауаны реттейді. Жүйрік аттарды баптайды. Басқа малдарды – семіртеді.
Дұрысы: «Ауа реттегіш».
«Осы иердің тумасы»
«Тума». Түбірі – ту. Бұйрықты етістік сөз. Жалпы туды, тумады деп ұрғашы малдарға қатысты айтады. Шала қазақтардың өздері ғана əйелдерге қатысты қолданады. Түсініксіз түбірден жасалған, түсініксіз туынды сөз. Дұрысы: «Осы жердің азаматы, осы жерде туған азамат».
«Солтүстік айналым»
Бұл қайдан шыққан сөз дейсіз бе? «Северная кольцевая дорога» сөзінің шала қазақша аудармасы. Орыс тілінде қысқаша: Северное кольцо – деп те айтылады. Қазақтың өз тілінде толық нұсқасы «солтүстік айналма жол».
«Құқық»
Шала қазақтардың тілдерінен енген өзбекше сөз. Өзбекше: «Хухуқ». Біз орыстың «право» сөзін аударған жоқпыз. Қазақтың «қақы» деген өз сөзін, шала қазақтардың сөзіне алмастырдық. Сол арқылы бұрынғы дұрыс сөздерімізді ығыстырдық. Бұрын айтылып жүрген заң қызметкері, заң орындары, заң тəртібі, заңды бұзу, біреудің қақын жеме, айтуға қақың бар деген сөздер, енді басқаша айтылатын болды. Құқық қорғау қызметкері, құқық қорғау орындары, құқықтық тəртіп, құқық бұзба, біреудің құқығын аяққа таптама, айтуға құқығың (құқың) бар. т. б.
«Басылым»
- «Ақын атындағы басылым»
- «Екі дана басылымды сыйға тартқаныңыз үшін алғыс білдіреміз».
Көзімен көрмеген адам, бұл жерде не туралы жазылғанын қалай ажыратады. Жұрнал ма, гəзет пе, кітап па? Соңғы буыны ішіне қарай бүктелган, шала қазақтардың түсініксіз сөздерінің бірі.
Дұрысы: 1. Ақын атындағы жұрнал.
- Екі дана кітапты сыйға тартқаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Шала қазақ!
Ана тілің, Қазақ тілің, Бұзылды қайран Қазақ!
Өз тіліңнен жерініп, жерігендей,
Сөйлесесің екеуара,
О йақ, бұйақ, қай йақшалап.
Қайда, қашан деген сөз ұмытылды,
Келді де өзбектенген Шала қазақ.
Шаханов ағамыздың айтқаны рас,
«Қазағым қазақ емес, болдың мазақ!».
Сәлемі де өзгеше, Саламатсыз ба?
Бұл да өзбекше,
Ұмытқан қазақшасын Сәлеметсіз бе?.
Сөздерін атқан, отқан адам ұқпас,
Өздері ұғар,
Таң қаласың, «Атыры»мен «патырын» естігенде.
Үлкендері «шал», ағаштың барлығы «тал»,
Сөздік қоры қалмаған тілдерінде.
Мектептерде, Кейбір жерде,
Ұстаздары жүр Шала қазақ.
Шақырып шәкірттерін,
Балаларын «балдарым» деп,
Балаға тіл үйретер ұстаз осы,
Тілдерін балғындардың ұстартпайды,
Керісінше бұзды келіп.
Осындай Шала қазақ мұғалімнің,
Өзіне тіл үйретер ұстаз керек!.
Тілді түзе, Шала қазақ, тілді түзе.
Тіл жоғалса кетерсің құрып мүлде!.
Аз ба екен айырылып тілдерінен,
Жойылып кеткен ұлттар жер бетінде.
Ең бірінші байлығың – тілің сенің,
Жойылмасын десең егер тілді түзе!.
Оставить комментарий