Әзірбайжанмен әріптестік орнауда

/uploads/thumbnail/20180926101154843_small.jpg

Жуырда Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Əзірбайжан Республикасының төтенше жəне өкілетті елшісі Рашад Маммадовпен кездесті.

— Биылғы жылдың жеті айы ішінде Қазақстан мен Əзірбайжан арасындағы тауарайналым — 142 млн доллар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өсім — 56 пайыз, — деді өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту қажеттігін атап өткен дипломатиялық өкілдік басшысы.

— Қазақстан — біздің бизнес пен инвестициямыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ағайын ел. Ақтөбе облысы бізді өңіраралық əріптестікті əрі қарай жалғастыру тұрғысынан қызықтырады. Қазіргі сапарымыздың аясында өңірдің экспорттық əлеуеті туралы ақпарат алғымыз келеді, — деді Рашад Маммадов.

Өз кезегінде облыс əкімі өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуда қызығушылық танытатынын растады. Бердібек Сапарбаев екі ел басшыларының арқасында, соның ішінде өңірлерде қарышты дамып келе жатқан Əзірбайжан мен Қазақстан арасындағы дəстүрлі жылы əрі достық қарым-қатынасты ерекше атап өтті.

— Қазақстан мен Əзірбайжан — ағайын елдер. Бізді ортақ түркі тамырымыз, ортақ рухани мұрамыз біріктіреді, — деді облыс əкімі Бердібек Сапарбаев.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей «қос мемлекет арасында бұрыннан тарихи және мәдени байланыстарға негізделген дәстүрлі достық сипатындағы екіжақты қарым-қатынас қалыптасқан». Жыл өткен сайын саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстың дамуы да артып келеді. Қазақстан мен Әзірбайжан арасында бүгінге дейін жүздеген құжатқа қол қойылып, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ортақ парламентаралық коммисиясы табысты жұмыс атқаруда. Қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі - транзиттік әлеует. Мәселен, Әзірбайжан арқылы өтетін Кавказдық бағыт Қазақстанға Еуропалық нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Ал Қазақстан Әзербайжанға Орталық Азия мен Қытай нарығына шығуға жол ашады.

Қазақстан Әзірбайжанға теміржол және трамвай локомотивінің жабдықтарын, қара металл, жанар-жағармай, құрылыс материалдарын экспорттайды. Импорттың негізгі бөлігін қант және кондитерлік өнімдер, қара металдан жасалған өнімдер, көкөніс пен дәндер, текстиль өнімдері мен электр құрал-жабдықтары құрайды.

Бүгінде Ақтөбе облысы аумағында Әзірбайжан капиталы қатысатын 11 компания бар. Негізінде бұл — ет, жем, астық өнімдері, сонымен қатар, қала құрылысы мен өнеркəсіптік құрылысқа мамандандырылған шағын кəсіпкерлік субъектілері.

Связанные Статьи