Алматыдағы тұрмыс деңгейінің жақсаруы қаладағы демография мәселесін шешті

/uploads/thumbnail/20181023185805126_small.jpg

Қазақстандағы демографиялық ахуал жақсарып келеді. Оған Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және географиялық жағдай әсер етпей қоймайды. Мәселен, Алматы қаласындағы тұрғындар саны артқан. Оған Алматыда жаңа жұмыс орындары көп екені және халықтың әл-ауқаты артқаны әсер етіп отырғаны анық. Оған қаладағы туу көрсеткіші, адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы мен табиғи өсімнің артуын қосыңыз.

Алматы қаласы тұрғындарының өсуіне әсер еткен бірнеше факторларды тізбектеп шығайық. Алматы қаласы статистика департаментінің басшысы Қарғұлов Бағлан Абайбекұлының қатысуымен өткен баспасөз конференцияда Қазақстанның оңтүстік астанасындағы ахуал талқыланды. эко

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз жиыны өтті. Оған Алматы қаласы статистика департаментінің басшысы Қарғұлов Бағлан Абайбекұлы мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.

Баспасөз мәслихатында  департаменттің 2018 жылға арналған есебі жарияланды.

Бағлан Абайбекұлы 2018 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығындағы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы жарияланды. Онда Алматы қаласы тұрғындарының тұрмыс деңгейі, еңбек нарығы және еңбекақы төлеу, базардағы бағалар, өңірлік экономика, сауда, экономиканың нақты секторы, қаржы жүйесі сөз болды. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.

Ең алдымен Алматы қаласы тұрғындарының тұрмыс деңгейінен бастайық.

Биыл, яғни 2018 жылдың 2-ші тоқсанында оңтүстік астана тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысы – 139662 теңге болған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7,6 % көп. Бір жылдың ішінде Алматы қаласы тұрғындарының табыстары 1,5%-ға  өскен.

Қала тұрғындарының орташа жалақысы -  204740 теңге. Бұл 2018 жылдың екінші тоқсанындағы көрсеткіш. Биыл Алматыдағы жұмыссыздар саны - 49,6 мың. Биылғы есеп ойынша қаладағы жұмыссыздың деңгейі - 5,2%.

Алматы қаласында жұмыспен қамту орталықтары қызу жұмыс істеп жатыр. Олар халықты жұмысқа орналастырып қана қоймай, түрлі мамандық бойынша, мәселен, шаштараз, дәнекерлеуші, аспаз және т.б мамандық бойынша арнайы курстан өткізіп, тіпті шәкіртақыны да береді. Толық курс аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырады. Жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің айтуынша, оларға жоғарыда айтылған маман иелері сұратып түрлі компаниядан өтініш келеді екен. Қазір, Алматы қаласындағы жұмыспен қамту орталығында 9870 адам жұмысқа орналасу кезегін күтіп отыр.

2018 жылдың қыркүйек айы мен 2017 жылдың желтоқсан айындағы тұтыну баға индексін салыстырғанда пайыздық көрсеткіш - 103,4% болды. Биыл Алматыда азық-түлік тауарлары - 2,5%-ға, азық-түлік емес өнімдер - 4,3%-ға, ақылы қызмет - 3,6%-ға қымбаттаған. Ал өнеркәсіп өндіріп отырған өнімдердің бағасы - 2,7%-ға қымбаттаған.

Енді Алматы қаласындағы экономикаға көз жүгіртейік. Биыл бірінші жарты жылдықта өңірлік өнім көлемі - 4 800,2 миллиард теңге болды.

ЖӨӨ Алматы қаласында бір жылда 2,8%-ға өсті. Биыл ЖӨӨ-да тауар өндіру -  7,6% болса, қызмет көрсету - 85,5%.

Алматы қаласы инвесторларды қызықтырмай қоймайды. Биыл қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында түрлі салаға құйылған инвестиция - 488926,6 миллион теңге. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 18,5%-ға көп.

Алматы қаласында өз кәсібін ашып, халыққа жаңа жұмыс орнын ұсынып, ел экономикасын жақсартып отыр. Былтыр 1 қазандағы көрсеткіштерге сәйкес, Алматы қаласында 122 919 заңды тұлға тіркелген. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға көп. Ал жұмыс еңбек етіп жатқан заңды тұлға - 66 831. Оның 65 370-і шағын кәсіпорын.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларындағы сауда көрсеткіші - 104,2%, 7499,3 миллиард теңге. 2018 жылдың 9 айдағы бөлшек сауда көлемі 2125,1 миллиард теңге.

Экономиканың нақты секторына келер болсақ, 2018 жылы қаңтар мен қыркүйек аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі - 639,2 миллиард теңге. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібі 4,2%-ға өсті. Ал электрмен жабдықтау, газ бен ауа баптау 5,9%-ға өсті. Су, кәріз жүйесі, қалдықты өңдеу, жөндеу мен бөлу - 21,3%-ға төмендеді.

2018 жылы 9 айдағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрсеткіші - 5023,9 миллион теңге. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға артық.

Алматы қаласында демографиялық жағдай жақсарып, халық саны өсіп келеді. Сәйкесінше жаңа үйлер, жолдар салынып жатыр. Биыл 9 айда құрылысқа 220283,1 миллион теңге кетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға көп. Ал көлік саласының айқын көлем индексі 101,2% болды.

2018 жылы қаңтар-қыркүйек айларында жүк айналымы - 18 573 миллион теңге болды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10,9%-ға көп. Ал жолаушылар айналымының көлемі - 29 464 миллиард теңге. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8,9% көп.

Енді Алматыдағы қаржы жүйесіне келер болсақ, 2018 жылдың екінші тоқсанында кәсіпорындардағы қаржылық нәтижесі 84,2 миллиард теңгені құрады.

Алматы қаласында табиғи өсімнің болуы, халықтың өмір сүру ұзақтығы жоғарыдағы экономикалық, әлеуметтік гүлденудің арқасында болып отыр.

Алматы қаласының тұрғындар саны 2017 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға өскен. Бұл жайында Алматы қаласының аудандық коммуникация қызметінің статистика департаментінің басшысы Қарағұлов Бағлан Абайбекұлы мәлім еткен болатын.

Қарағұлов Бағлан Абайбекұлының айтуынша, Алматы қаласының демографиялық жағдайы тұрақты. Жыл санап Алматының демографиялық ахуалы жақсарып келеді.

Биыл 1 қыркүйектегі халық санағы бойынша Алматы қаласы тұрғындарының саны 1 миллион 839 мыңға жеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға көп.

Бағлан Абайбекұлының айтуынша, Алматының демографиялық ахуалы тұрақты. Алматы қаласы тұрғындарының саны Қазақстандағы барлық халық санының - 10 пайызын құрайды. Демографиялық ахуал бойынша Алматы облысы (11,1%) мен Солтүстік Қазақстан облысы (10,7%) көшті бастап тұр.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айында жүргізілген есеп бойынша қаладағы халық саны  - 36936 адам. Оның табиғи өсімі - 38,5% (14,2 мың адам), миграция - 61,5% (22,7 мың адам). 2017 жылмен салыстырғанда халықтың табиғи өсімі 4,8%-ға, ал миграция 27%-ға өскен.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 10,8 мың жұп некеге тұрған. 4,7 мың жұп ажырасқан. 2017 жылмен салыстырғанда  отбасын құратындардың саны 2,3% азайған. Ал ажырасу 9,1% көбейген.

Ресми статистика көрсетіп отырғандай, Алматы қаласының демографиялық жағдайы тұрақты, көрсеткіштер жыл санап жақсарып келеді.

Алматы тұрғындарының саны 2017 жылмен салыстырған 3,2 пайызға өскен. Алматының демографиялық ахуалының жақсаруына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Соған бір көз жүгіртіп өтейік.

Халықтың денсаулық көрсеткіштері

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында ұлттың саулығы – елдің ең басты мәселесі екенін айтқан. Оның ең басты көрсеткіші - халықтың өмір сүру ұзақтығы.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары Алматы қаласы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 8 жылға артты. Өмір сүру ұзақтығы 68 жастан 76 жасқа (Қазақстанда – 75 жас) өскен. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы еркектермен салыстырғанда әлде қайда жоғары. Әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы – 79,2 жас болса, ер адамдардікі – 72 жас.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында былтырмен салыстырғанда туу көрсеткіші 4,7% өскен. Биыл қаңтар-тамыз айларындағы туу коэффициенті (1000 адамға) 18,1% болды.

Еңбек статистикасы

Елбасы айтып өткендей: «адам еңбекқор, өз ісінің маманы болса, жақсы жалақы алса, өз ісін ашып, оны дамытуға мүмкіндігі болса кірісі көбейеді».

2018 жылдың 2 тоқсанында 15 жастан жоғары тұрғындардың экономикалық белсенділігі 959,7 мыңға жеткен. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 23,5 мың адамға көп. Экономикалық белсенділік - 68,3%.

Қаланың экономикасын өсіру мақсатында 910,1 адам жұмыс істеді. Жалданып жұмыс істегендердің саны - 840,2 мың, ал пайыздық көрсеткіш бойынша - 92,3. Өзі кәсібі барлар - 69 884. Пайыздық көрсеткіш бойынша - 7,7%.

Жұмыссыздар саны - 49 586. Пайыздық көрсеткіш бойынша - 5,2%.

2018 жылдың 2 тоқсанында жүргізілген есеп бойынша, жұмыс істемейтін, яғни 15 жастағы және одан үлкендер - 444,9 мың адам. 2017 жылдың 2 тоқсанында 8654 адам (1,9%) болатын.

Алматы қаласы бойынша 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында бір жұмысшының (кішкентай кәсіпорындарды санамағанда) орташа жалақысы - 194 322 теңге болды.

Ең жоғары айлықты қаржы саласында еңбек етіп жүрген жалдамалы жұмысшылар алады. Олардың жалақысы -  424 752 теңге.

Ең төменгі жалақыны денсаулық сақтау саласында төмен жалақы алатын жалдамалы жұмысшылар алады. Олардың жалақысы - 108 708 теңге.

Президенттің биылғы жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеру, яғни өмір сапасын арттыру туралы айтылды.

2018 жылдың 2 тоқсанында кіріс бір адамға шаққанда -  218774 теңге болды. Еңбек қызметі - кірістің негізгі бөлігін (76,6%) алып отыр. Ал шығынның көп бөлігі азық-түлік (47,5%) тауарларының есебінен.  Шығынның төрттен бір бөлігін басқа тауарлар (20,7%) алады. Шығынның 28,2% ақылы қызметке тиесілі.

Халық екінші тоқсанда азық-түлікті көбірек тұтынатын болған. Қант, кондитерлік өнімдер (27,5%), балық және теңіз өнімдері (26,9%), жеміс-жидек (18,1%), жұмыртқа (9,9%) және сүт өнімдері  (9,5%).

Майлы  өнімдерді тұтыну 18,7%  төмендеген. Көкөністерге деген сұраныс - 4,4%, нан өнімдерін тұтыну - 3,8% төмендеген.

Баға статистикасы

Алматы қаласындағы инфляция 2018 жылы 9 айда 3,4% болды. Оның ішінде баға индексі 102,5% болды.

Бағаның өсуіне әсер еткен тауарлар: қант (22,0%), темекі (12,5%), сүт өнімдері (7,4%). Ал көкөністерге (32,7%)жарма өнімдері (8,8%), жұмыртқа (5,3%) деген сұраныс керісінше артқан.

Оставить комментарий

Связанные Статьи