Қазір қаланың ішінде мені жол полиция сиренамен тоқтатты. "Бірдемені бүлдіріп тастадым ғой", деп, ойланып отырмын, көлігімнен шықпай. Полиция қызметкері өзі жақынжап келді, амандасты. - Мұхтар Тайжансыз ба? - Иә, дедім, қайдан білдіңіз? - Ана жерде сәл қатты жүрдіңіз, сол себептен сізді қуып жеттік. Базамызды ашсақ, мына көлік сіздің атыңызда екен. Бірақ сізді айыптамаймыз, жолыңыз болсын! - Солай ма, неге? - Сізді бүкіл Қазақстан біледі, халықтың сөзін айтып жүрсіз, біз сізді айыптамаймыз. Жолыңыз болсын! - Көп рахмет, сіздердің да жолдарыңыз болсын, деп, қоштастым. Осындай әңгімеден кейін жүргізушінің көңілі ерекше көтеріледі екен!
Мұхтар Тайжан, Facebook парақшасынан