Димаштың анасы Мәскеу қаласындағы концертке дайындық кезіндегі келеңсіз жайт туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Біз елімізге келдік. Демалып алып, әдемі түстей болған Диконтайдың концерттері туралы, дайындалған кездерімізді еске алып отырмыз. Ең алдымен Димаштың концерттік костюмдерін шын көңілімен бар ниетімен дайындап, жеткізіп берген Данаға және оның шебер қыздарына үлкен рахметімді айтамын. Дана мен Димаш Ақтөбеде бір мектепте оқыды, балалық әдемі кездері бірге өтті, Дананың да талантына, шеберлігіне ризамыз.Өсе бер! (концертке екі күн қалғанда костюмдерді жоғалтып алып, қайта тапқанымыз, сол кездегі уайым, жүгіріс....Енді бәрін күліп есімізге аламыз... "Басы қатты болса, аяғы тәтті болады" деген осы екен..." , - деп жазды Светлана Айтбаева өзінің Instagram парақшасына.
Оставить комментарий