Соңғы жүзжылдықтың ішіндегі ең ірі терактінің бірі 1925 жылы 16 сәуірде Болгария астанасы София қаласында коммунистердің ұйымдастыруымен орын аллды. Ресми деректер теракт жоспарының алдын ала Мәскеуде құрылғанын айтады, алайда орыстілді уикипедия теракт ұйымдастырушылары жайлы бір ауыз сөз жазбаған.
Қанды қырғынның мақсаты – мемлекет басындағылардың көзін жою және III Борис патшадан бастап ел үкіметі мен әскери басқарманы құрту. Кремльдегі ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, теракт нәтижесінде билік жойылып, елдің құрылымдық күші әлсіреп, әскердің Болгария компартиясын жаулап алуына мүмкіндік туғызу әрі «пролетарлық революция» орнатылуы тиіс болды.
Жарылыс «Демократиялық келісім» партиясының депутаты, генерал Константин Георгиевтің жаназасын шығару рәсімінде Қасиетті Апта соборында орын алды. Себебі рәсімге елдің саяси тұлғалары түгелдей дерлік қатысты. Жарылыстың салдарынан 134 адам қаза тапты. Қаза тапқандар – София әкімі, полиция басшысы, 12 генерал, 15 полковник, 7 подполковник, 3 майор, 9 капитан және 3 депутат әрі шіркеудегі хорға қатысқан бірнеше оқушы.
Жарылыстың салдарынан 500-ге жуық адам түрлі жарақат алды. Олардың 79-ы қайтыс болып, қаза тапқандардың саны 213-ке жетті. Оның үстіне жарылыс Пасха мейрамына қарсы қасиетті бейсенбі күні орын алды.
Коммунистердің басты нысанасы болған III Борис патша, үкімет басшысы мен өзге министрлер аман қалды. Терактіні жасағандар мен ұйымдастырушыларды полиция дереу анықтады. Тіпті терроршылар ұйымдасқан пәтерден Мәскеуден келген бұйрық хат та табылды.
Мамырдың 1-інен 11-іне дейінгі аралықта София қаласында Болгар коммунистік партиясының мүшелеріне қатысты сот ісі жүрді. Нәтижесінде бірнеше адам өлім жазасына кесілді. Тағы бірнешеуі Мәскеуге қашып үлгерді.
Сол кездегі ССРО билігі терактіге қатысы барын әсте жасырды. Тіпті қаза тапқан 200-ден аса адам үшін қайғырған Мәскеу болмады, жоспардың орындалмай қалғанына ашынбаса...
Алайда жасаған қылмысы жанын жегідей жеп, арын мазалаған бір адам ғана болды. Әскери ұйымның үйлестірушісі Владимир Нестерович жарылыстың құпия құжаттарын жарияламауды өтініп хат жазып, өзі Германияға тайып тұрды.
Ал Нестерович 1925 жылдың тамызында Майнц қаласындағы дәмханалардың бірінде
ОГПУ Сыртқы істер институтының басшысы М. Трилиссердің бұйрығы бойынша екі немістің қолынан уланып қайтыс болды.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Оставить комментарий