Ержан Максимге шетелдіктер түрлі ұсыныстар жасауда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Олардың қатарында британдық ұйымдастырушылар да бар.
"Голос дети" бағдарламасынан кейін көпшілікке танылған Ержан Максимге британдықтар "The X Factor" атты таланттар байқауына шақырған. Бұл туралы Ерданның анасы "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Жақында Лондон қаласынан хабарласып, британдық "The X Factor" сайысына қатысуға шақырды. Олар барынша көмек көрсетіп, қолдау білдіретінін айтты. Қазір Ержан сабаққа қатысып, ағылшын тілін үйренуі керек", - деді Ержанның анасы.
Ұсынған: Әсел Болатқызы