Шымкентте отандық ойыншықтар көрмесi өтті

/uploads/thumbnail/20170708181709575_small.jpg
Ойыншық баланың тек ермегі ғана емесӘрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайтыны белгілі. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ананың жалықпайтыны да жасырын емес. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді.
 
Шындығына келгенде, сол балалардың ойыншықтарының барлығы да — шетелдің мультфильм, ертегілерінің кейіпкерлері. Міне, мұнда да өзге елдің идеологиясы жүруде деген сөз. Онсызда телеэкрандарымызды шетелдің мультфильмдері жаулап алып, сәбилеріміз өзге елдің идеологиясымен өсіп жатқаны аздай, олардың күнделікті қолынан тастамайтын ойыншықтары да Қытайдікі. Қарап отырсақ, мұның өзі астыртын саясат. Себебі, бұл аспан асты елі бір ғана ойыншық экспортының өзінен жылына қыруар қаржы тауып отыр. Әрі кең-байтақ жері бар қазақ елінің ұрпағы, келешекте мемлекеттің тұтқасын ұстайтын бүгінгі кішкентай жеткіншектердің әлжуаз да ауру болып, жат елдің боданында өсуі үшін әдейі жасалып жатқан қитұрқы саясат болуы әбден мүмкін. Еліміздегі базар, дүкен сөрелерін Қытай тауарларының жаулап алғанына біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес.

Бұл ертеңгі ұрпақтың болашағына өз қолымызбен балта шабуымызды білдірмей ме?  Осы мақсатта ОҚО, Шымкент қаласында ерекше танымдық шара ұйымдастырылды. Шымкенттегі  "Көрме" орталығында отандық ойыншықтар жәрмеңкесi өттi. Көрмеге елiмiзде шығарылатын ойыншықтар мен балаларға арналған қолөнер бұйымдар ұсынылды. Көрмені тамашалауға келген қонақтарды қаладағы «Өнер» мектеп-интернаты оқушыларынан құралған оркестр сазды әуенмен қарсы алды. Танымал әншi-продюсер, «Бал-бала» ойыншықтарының авторы Қыдырәлi Болманов iс-шараның ашылу салтанатына қатысып, көрменің лентасын қиды. Ойыншықтар жәрмеңкесiн өткiзудегi басты мақсат  отандық өнiмдердi насихаттау. Бұл ойыншықтардың сапасы шетелде шығарылатын өнiмдерден кем емес, балаларға экологиялық жағынан қауiпсiз.Көрмеге «Бал-баланың» қуыршақтарынан бөлек Шымкенттен шығарылатын «Шымкент-пластик» ойыншық зауытының бұйымдары да қойылды. Жергiлiктi қолөнершiлердiң кәдесыйлары мен балаларға арналған ұлттық киiмдер жәрмеңкесін  мыңға жуық адам тамашалады. Iс-шараға сондай-ақ, облыс әкiмiнiң орынбасары Сәкен Қаныбеков, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова қатысты. Көрменiң өтуiне облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық бiлiм, жастар саясаты және тiлдер дамыту басқармалары  қолдау көрсеттi.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Связанные Статьи