«Дені саудың – жаны сау» дейді дана қазақ. Сондықтан Үкімет әрдайым денсаулық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытына жіті көңіл бөліп келеді. Бір жылдары бастау алған «Денсаулық» бағдарламасы бүгінде өз міндетін орындап жатса, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама да ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз үлес қосуда. Бұл тұрғыда Жамбыл өңірінің көпке үлгі боларлық тірлігі көп деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ең алдымен денсаулық сақтау саласына келсек, Жамбыл облысы Жуалы ауданында есепті кезеңде ана өлімі болған жоқ, сәби өлімі бойынша 9 жағдай орын алды (2018 жылдың осы кезеңінде – 4 жағдай).
Бала өліміне әкеп соқтырған негізгі себеп - бұл баланың іштен туа біткен ақауының асқынуы және мерзімінен ерте боснудан туылған өте аз салмақтағы сәбилердің шетінеуі негізінде жедел дамыған аурудан өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсу және кенеттен қайтыс болу факторлары орын алуда.
Есепті мерзімге туберкулезбен науқастанғандар саны 27 адам (2018 жылдың ІІ-тоқсанына 31 адам), 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 51,9 пайыз. (2018 жылдың ІІ-тоқсанына 59,6 пайыз).
Спорт бағытына тоқталсақ, ағымдағы жылы ұйымдастырылған 188 іс-шараға (180 – салауатты өмір салтын насихаттау бойынша, 8 – салалық спартакиадалар) 34 820 аудан тұрғыны қатысқан. Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесі (52523) тұрғынның 15547-сі немесе 29,6 пайызды құрады (2018 жылдың осы кезеңінде 28,9%).
Бөлімге бағынысты спорт мектептерінде 2019 жылдың есепті мерзімінде 1 548 шұғылданушы оқушылар тіркелді. Бұл Жуалы ауданы бойынша жалпы 7 – 18 жас аралығындағы балалардың 15,0% құрап отыр.
2019 жылдың 1 шілдесіне Жуалы ауданы бойынша 112 спорт нысаны анықталды. Оның ішінде 1 стадион, 1 спорт кешені, 38 спорт зал, 11 футбол алаңы, 61 спорт алаңшасы бар.
Міне, бұл тұрғындар денсаулығын жақсарту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда жолға қойылған кешенді шаралардың көрінісі мен жемісі. Әрине әлі де болса атқарар жұмыс жетерлік. Және жоғарыда аталған кемшіл тұстардың орнын толтыру қажет. Бұған Жуалы ауданының жергілікті билігі жіті көңіл бөледі деп сенеміз.
Оставить комментарий