Білім ордаларының қызметкерлеріне құжатты дұрыс толтыру жайы үйретілді

/image/2019/09/23/crop-18_10_719x1168_bilim-ordalarynynh-qyzmetkerlerine-qudgatty-durys-toltyru-dgayy-uyretildi.jpg

Тараз қалалық №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді. Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі ұйымдастырған маңызды жиынға Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 37 мектеп, 57 балабақша және Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің 7 құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Басқосу барысында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Тараз қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері семинар қатысушыларына ведомстволық архив жұмысы жайлы дәрістер оқыды. Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мекемелерді құжатпен қамтамасыз ету бойынша ведомстволарға әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан көмек көрсетті.

Семинар барысында Ұлттық архив қорын толықтыру, мекемелердің құжаттамалық қызметінің жұмысын қалыптастыру, үйлестіру бөлімінің басшысы Э. Еркебұланова семинар-сабақты ашып, жалпы архив саласына тиесілі жұмыстар ретін баяндап берді.

Семинар-сабақ «Басқару құжаттамалық қамтуына қазіргі талаптар», «Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару тәртібі» және «Ұлттық архив қоры және архивтер» туралы Заңды қолдана отырып, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері – ұйымдар архивінің жиынтық паспортын рәсімдеу» аталған бөлімдер бойынша өткізілді. Онда архив мамандары құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары, істер номенклатурасын құрастыру, құжаттарды есепке алу кітабын жүргізу, сараптау комиссиясының ережесі, ұйымның қор ісі және ұйым архивінің паспортын дұрыс толтыру жайын түсіндірді.

Мәселен, істер номенклатурасын құру және рәсімдеу туралы заман талабына сай слайд арқылы архив қызметкері А. Сүлейменова түсіндіріп берді. Ол істер номенклатурасын әзірлеу барысында қалыптасатын істердің атаулары толық, дұрыс жазылуына және тармақтарының дұрыс қойылуы, сонымен қатар мекемеде архив туралы ереже, жоспар және сараптау комиссиясының ережесі, жоспары туралы барынша толық мағлұмат беріп өтті.

Семинар барысында қатысушылар жұмыстарына қатысты толғандыратын саулдарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи