Тұрғын үй құрылысы тұрғындардың тұрмысын түзейді

/image/2019/09/23/crop-14_15_826x1239_turghynuy.jpeg

Құрылыс қарқынды жүрсе, тұрғындардың да әл-ауқаты артатыны анық. Әсіресе тұрғын үй құрылысы халықтың тұрмысымен тікелей байланысты. Жамбыл облысы Шу ауданында 2019 жылы жалпы алаңы 12661шаршы метрді құрайтын 97 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл өткен жылға қарағанда 92,6% құрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті мерзімде 8799,3млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда2996,1 млн. теңгеге артып, орындалуы 144,2% (2018ж-5803,2млн.)

Аудандық бюджет - Кірістерінің жылдық жоспары 20 млрд 373 млн 763,0 мың теңге, 1 тамызға жоспары 11 млдр 141 млн 692,0 мың теңге, 1 тамызға түскені 11 млрд 577 млн 409,2 мың теңге,103,9%-ға орындалып, 435 млн 717,2 мыңтеңге артық түсті. Жергілікті аудан бюджеті кірістері бойынша жылдық жоспар 2 млрд 931 млн 73,0 мың теңге, 1 тамызға жоспары 1 млрд362 млн 247,0 мың теңге, 1 тамызға түскені 1 млрд 797 млн 964,2 мың тенге, 132,0% -ға орындалып, 435 млн 717,2 мың теңге артық түсті. Трансферттердің жылдық жоспары 17 млрд 442 млн 690,0 мың теңге, 1 тамызға жоспары 9 млрд 779 млн 445,0 мың теңге, 1 тамызға түскені 9 млрд 779 млн 445,0 мың теңге, 100%-ға орындалды. Шығыстар бойынша қаржылардың жылдық жоспары 20 млрд 913 млн 830,0 мыңтеңге, 1 тамызға жоспары 11 млрд 357 млн 868,0 мың теңге 1 тамызға орындалуы 11млрд 135 млн 196,7 мың теңге немесе 98,0 %-ды құрап, 222 млн 671,3 мың теңге игерілмеді, оның ішінде: республикалық бюджеттен 139 млн 254,0 мың теңге; облыстық бюджеттен 64 млн777,9 мың теңге; жергілікті бюджеттен 18 млн 639,4 мың теңге.

«Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар ауылы Қонаев көшесіндегі көлемі 0,8 гектар жер телімінде мәдениет үйінің құрылысын салу» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары былтырғы жылы қаржыландыру жоспары бойынша шілде айында басталды. 2018 жылға бөлінген қаржы – 50 000,0 мың теңге. 2019 жылға 154 166,0 мың теңге қаражат қарастырылды. Наурыз айында 12 000,0 мың теңге қаражат игерілді.

Шу ауданы Абай ауылының су жүйесі мен су шығару ғимараттарының құрылысы нысаны бойынша № 19-0452/17; 20.12.2017 ж. сараптама қорытындысы алынды.Сметалық құны 749 350,0 мың теңге. Нысан құжаттары облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

Осылайша Шу ауданында барлық бағыттар бойынша ауқымды істер атқарылуда.

Оставить комментарий

Связанные Статьи