Үкімет әлеуметтің әлеуетін жақсарту бағытында аз жұмыс жасап жатқан жоқ. Бұған бағытталған нақты мемлекеттік бағдарламалар да баршылық. Одан бөлек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салаға серпін берер бастамалар да жандануда. Мұндай игіліктен Жамбыл облысы да шет қалмауда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен Денсаулық сақтау саласы бойынша 2019 жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарлама аясында Үшарал ауылдық округіндегі Арал, Қайыр елді мекендерінде және Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елді мекенінде 5 келішуге арналған медициналық пункттерді соғу жұмыстары жүргізілуде.
Білім саласы бойынша ауданда 1 жоғары оқу орны, 4 колледж, 35 мектеп, 24 балабақша (5 бала бақша жекеменшік), 16 шағын орталық, 5 мектептен тыс мекеме, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. 2018 жылы Қаратау қаласында 4 жекеменшік балабақша ашылды (275 орын). Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1 жекеменшік балабақша ашылып (50 орын), бір жекеменшік балабақша қыркүйек айында ашу жоспарлануда (50 орын).
Мәдениет саласына келсек, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты барлығы – 39 нысан тұрғындарға тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
«Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобасы аясында 2018 жылы Талас аудандық орталық кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылып, толыққанды жұмыс атқаруда.
2019 жылы аталған бастаманы жалғастыру мақсатыда Ақкөл ауылынан «Коворкинг» орталығын ашуға аудандық бюджеттен 1 миллион 700 мың теңге бөлініп, қыркүйек айында ашу жоспарлануда.
Әрине аталған үш салада әлеуметтің тұрмысымен тығыз байланысты. Сондай-ақ мемлекеттік құрылымның негізі саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында ең алдымен осы бала тәрбиесі мен білімімен айналысып жатқан мұғалімдердің мәртебесі мен айлық жалақысын көтеруді тапсырды. Бұл ұстаздарға деген құрмет ғана емес, елдің ертеңі саналған білімгерлерге жасалған қамқорлық. Екіншіден Президент мәдениет саласы қызметкерлерінің айлық жалақысын өсіру жүйесін ойластыруды Үкіметке жүктеді. Бұл да жемісі бар жоба, бағдары бар бастама екені даусыз.
Оставить комментарий