Бүгін Доминикан Республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Андриан Елемесов сол елдің президенті Данило Медина Санческе сенім грамотасын тапсырды, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі regnum.ru сайтының дерегін негізге алып.
Рәсімге Доминикананың президенті де, сыртқы істер министрі де бірыңғай ақ киіммен келген. Бұлардың қатарында қазақ елшісі Андриан Елемесов те бар.
– Бұл – протокол тәртібі. Доминикан – тропикалық ел, ақ түс елдің туында да бейнелеген. Ол – бір мақсатқа жұмылған халық бірлігін көрсетеді, – деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Кариб теңізі жағалауындағы Доминикан Қазақстанмен сауда және инвестиция құю жөнінде меморандумға қол қойды.
Доминикан президенті Д.Медина Санчес әріптесі – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін жолдап, елшінің жаңа қызметіне табыс тілеген.
Оставить комментарий