Таластық жастардың талпынысы қуантады

/image/2019/10/15/crop-6_2_505x759_dgarys.jpg

Жастарды бұқаралық спортқа тарту бағытында бүгінде елімізде аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ. Есесіне мемлекетіміздің атын әлемдік ареналарда асқақтатып, көк байрағымызды биіктетіп жүрген жампоздарымыз да баршылық. Десе де, әрбір тәрбие ең бірінші туған топырақ, отбасынан басталатыны белгілі. Сондықтанда Жамбыл облысындағы елді мекендерде жастарды салауатты өмір салтына дәріптеу мақсатында түрлі жарыстар ұйымдастырылуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «2019 жыл-Жастар жылы» аясында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы аясында «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «2019 жыл-Жастар жылы» аясында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы аясында «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты тоғызқұмалақтан аудандық дода «Жұлдыз» аула және балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру спорт клубында түндігін түрді.

Жарысқа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия, №1 мектеп лицей, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің және «Үміт» қимыл – тірек аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының» оқушылары қатысты. Ұлдар арасында бірінші орынды Абдуалиев Ерсін, екінші орынды Қосылған Ислам иеленсе, үшінші орынды Көктал Маулен иеленді. Ал, қыздар арасында бірінші орынды Иманбекова Шолпан, екінші орынға Бейбіт Аяжан табан тіресе, үшінші орынға Жаксылык Аружан табан тіреді. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Шындығына келгенде бүгінде таластық жастардың талпынысы көз қуантады. Неге десеңіз, қазыналы Қаратау топырағынан небір дүлдүлдер мен апайтөс балуандар, жұдырығы жойқын боксшылар мен желаяқ жеңіл атлетшілер шыққан. Оған бүгінде тарих дәлел. Қазіргі таңда да Талас ауданының намысын халықаралық додадаларда абыроймен қорғап жүрген спортшылар аз емес. Ол елдің ертеңі, баянды болашығымызды, спорттық держава деген абыройлы беделіміздің кепілі екені анық. Сондықтан таластық жастардың жұлдызы әркез биік болсын деп тілейміз.

Оставить комментарий

Связанные Статьи